https://sputnik.kz/20230706/pavlodarda-qazposhta-oblystyq-filialy-direktorynyn-orynbasary-sottaldy-36599002.html
Павлодарда "Қазпошта" облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды
Павлодарда "Қазпошта" облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды
Sputnik Қазақстан
Бұрынғы басшы заңсыз сыйақы алғаны үшін бас бостандығынан айырылды 06.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-06T12:24+0500
2023-07-06T12:24+0500
2023-07-06T12:26+0500
павлодар
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Павлодар сотында пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды."5 шілдеде Павлодар қаласының №2 соты "Қазпочта" АҚ облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасарына қатысты аса ірі көлемде ақша түрінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады", - деп жазылған сот хабарламасында.Сотта анықталғандай, биылғы жылдың қаңтар айында сотталушы оған "Қазпошта" автомобиль-көлік басқармасының аумағындағы автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша жұмысты қабылдап алғаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы беруді ұсынған.Артынша ол екі миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.Прокурор оны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Қорғаушы жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.Жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығы және жеңілдететін жағдайларды, кәмелетке толмаған балалары бар екенін, 3-ші топтағы мүгедектігін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, сотталушыны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар
Павлодарда "Қазпошта" облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды
12:24 06.07.2023 (жаңартылды: 12:26 06.07.2023) Бұрынғы басшы заңсыз сыйақы алғаны үшін бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Павлодар сотында пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
"5 шілдеде Павлодар қаласының №2 соты "Қазпочта" АҚ облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасарына қатысты аса ірі көлемде ақша түрінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сотта анықталғандай, биылғы жылдың қаңтар айында сотталушы оған "Қазпошта" автомобиль-көлік басқармасының аумағындағы автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша жұмысты қабылдап алғаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы беруді ұсынған.
Артынша ол екі миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
Прокурор оны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Қорғаушы жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.
Жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығы және жеңілдететін жағдайларды, кәмелетке толмаған балалары бар екенін, 3-ші топтағы мүгедектігін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, сотталушыны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.