Лукашенко Назарбаевты туған күнімен құттықтады

© Photo : Сайт первого президента Казахстана Нурсултана Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко
Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
"Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы", - делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
Айта кетсек, бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 83 жасқа толды.
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Назарбаев кеңсесінің жұмысы тоқтатылады – Жамаубаев
Жаңалықтар
0