https://sputnik.kz/20230706/elordada-urker-eldi-mekeninde-sport-kesheni-ashyldy-36592870.html
Елордада Үркер елді мекенінде спорт кешені ашылды
Елордада Үркер елді мекенінде спорт кешені ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Үркер елді мекенінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Іріктеуден өткен оқушылар мұнда түрлі спорт... 06.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-06T09:50+0500
2023-07-06T09:50+0500
2023-07-06T09:53+0500
спорт кешені
https://sputnik.kz/img/07e7/07/05/36588914_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b71d5cbf6696bdd4b037b950187590af.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Үркер елді мекенінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Іріктеуден өткен оқушылар мұнда түрлі спорт секцияларына қатыса алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мұнда 260 оқушыға мүмкіндік қарастырылған. Кешеннің ауданы 2 600 шаршы метрден асады.Спорттық, көркем, батуттық гимнастика, қазақша күрес, киокушинкай-кан каратэ, дзюдо, кикбоксинг, пауэрлифтинг, муайтай, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және велоспорт секциялары жұмыс істейтін болады."Менің ойымша, бұл кешен Үркер елді мекенінің тұрғындары үшін өте маңызды болады. Өскелең ұрпақ шұғылданатын, зейнеткерлеріміз демалатын орынға айналады. Мұнда жаттығатын балалар алдағы уақытта белгілі спортшылар болатынына сенімдімін", - деді Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.Өтінімдер 5-20 шілде аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Нұра ауданы әкімдігінің ресми парақшаларында жарияланады.Айта кету керек, нысан көп функциялы болады. Мұнда ХҚО филиалы мен полиция пункті ашылады, сол сияқты қарттарға арналған клуб та жұмыс істей бастайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/05/36588914_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_22a983b1bac00585fdc5e2237892f61b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спорт кешені
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Үркер елді мекенінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Іріктеуден өткен оқушылар мұнда түрлі спорт секцияларына қатыса алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мұнда 260 оқушыға мүмкіндік қарастырылған. Кешеннің ауданы 2 600 шаршы метрден асады.
Спорттық, көркем, батуттық гимнастика, қазақша күрес, киокушинкай-кан каратэ, дзюдо, кикбоксинг, пауэрлифтинг, муайтай, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және велоспорт секциялары жұмыс істейтін болады.
"Менің ойымша, бұл кешен Үркер елді мекенінің тұрғындары үшін өте маңызды болады. Өскелең ұрпақ шұғылданатын, зейнеткерлеріміз демалатын орынға айналады. Мұнда жаттығатын балалар алдағы уақытта белгілі спортшылар болатынына сенімдімін", - деді Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.
Өтінімдер 5-20 шілде аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Нұра ауданы әкімдігінің ресми парақшаларында жарияланады.
Айта кету керек, нысан көп функциялы болады. Мұнда ХҚО филиалы мен полиция пункті ашылады, сол сияқты қарттарға арналған клуб та жұмыс істей бастайды.