Астананың 25 жылдығына орай елордалықтар дрон-шоу тамашалайды

© Sputnik / Владислав ВодневОгни ночного города. Нур-Султан с высоты.
Огни ночного города. Нур-Султан с высоты. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2023
Жазылу
Мерекелік бағдарлама шамамен 12 минутқа созылады. Демеушілер қаражатына ұйымдастырылған шоуға 500 дрон қатысады
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астана күніне орай еліміздің бас қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қойылым ұсынылады.
Мегаполис әкімдігі кеше кешкісін бүгін болатын шоудың дайындығын өткізді.
"Туған күніңмен, Астана! Бұл нағыз әуе қойылымы болады! Дрон шоуы, керемет көрініс, заманауи өнер мен технологияның үйдесімі. Баршаңызды меркемен құттықтаймын! Бейбітшілік пен мейірімділік жасасын!", - деп жазды продюсер Дәуіт Шайхисламов әлеуметтік желіде.
Ол мерекелік тосын сыйды Астана әкімдігінің қолдауымен кәсіби ұшқыштар мен анимация суретшілері дайындағанын айтты.
"Дрондар көздің жауын алар жарықтар арқылы түнгі аспанды таңғаларлық жарық қойылымына айналдырады. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арнайы құрастырылған. Түнгі аспанда жарық иллюминациясы арқылы елорданың көрнекті нысандары көрсетіледі", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.
Шоу бүгін сағат 22.30-да Тәуелсіздік даңғылы бойындағы елорданың "Қазақ елі" алаңында өтеді.
Виды Астаны с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2023
Астанаға 25 жыл: қазақстандықтар қала күнін атап өтіп жатыр
Жаңалықтар
0