https://sputnik.kz/20230705/zhenis-qasymbek-astana--qazaqstannyn-manyzdy-zhobalarynyn-biri-36562272.html
Жеңіс Қасымбек: Астана – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі
Жеңіс Қасымбек: Астана – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі
Sputnik Қазақстан
Әкімнің айтуынша, қаланың жалпы өнімі 25 жылда 10 трлн теңгеге жеткен 05.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-05T09:36+0500
2023-07-05T09:36+0500
2023-07-05T09:36+0500
астана
жеңіс қасымбек
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35435420_0:165:3056:1884_1920x0_80_0_0_85ad439c008c537013295c1aa0296d1d.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордада арнайы келген әлем астаналары мен муниципалитет басшыларын қарсы алды. Айтуынша, іс-шараға әлемнің 13 мемлекетінен 17 муниципалитет басшылары қатысып жатыр.Айтуынша, 25 жылдың ішінде қаланың жалпы өнімі 22 миллиард долларға немесе 10 триллион теңгеге, ал өнеркәсіп 4,3 миллиард долларға немесе 2 триллион теңгеге дейін жеткен.Соңғы жылдары Астана 14 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты."Небәрі 25 жыл ішінде біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысандарын салдық. Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналды. Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты", - деді қала басшысы.Қасымбек бүгінде елорда экономикалық өсу мен дамудың қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз, күшті және сенімді дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі екенін атап өтті.Айта кетері, елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35435420_163:0:2894:2048_1920x0_80_0_0_f726030cc942de2f77ebb5564d9b46b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жеңіс қасымбек
Жеңіс Қасымбек: Астана – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі
Әкімнің айтуынша, қаланың жалпы өнімі 25 жылда 10 трлн теңгеге жеткен
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордада арнайы келген әлем астаналары мен муниципалитет басшыларын қарсы алды. Айтуынша, іс-шараға әлемнің 13 мемлекетінен 17 муниципалитет басшылары қатысып жатыр.
"Астана қаласы – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі. Алғаш рет ХХ ғасырдың соңында қаланып, ғасырлар тоғысындағы шекарадан өтіп, біздің Астанамыз әлемдік танымалдылыққа ие болды және бүгінде дамыған экономикасы мен инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды", - деді Қасымбек.
Айтуынша, 25 жылдың ішінде қаланың жалпы өнімі 22 миллиард долларға немесе 10 триллион теңгеге, ал өнеркәсіп 4,3 миллиард долларға немесе 2 триллион теңгеге дейін жеткен.
Соңғы жылдары Астана 14 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты.
"Небәрі 25 жыл ішінде біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысандарын салдық. Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналды. Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты", - деді қала басшысы.
Қасымбек бүгінде елорда экономикалық өсу мен дамудың қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз, күшті және сенімді дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі екенін атап өтті.
Айта кетері, елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр.