https://sputnik.kz/20230705/toqaev-semey-yadrolyq-qauipsizdik-aymagy-turaly-zanga-qol-qoydy-36587733.html
Тоқаев Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заңға қол қойды
Тоқаев Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық... 05.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-05T19:02+0500
2023-07-05T19:02+0500
2023-07-05T19:02+0500
ядролық сынақ
семей полигоны
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22719995_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_3fd17857bac789f1a256a96a70959a3f.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады.Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған."Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы"заңда мына мәселелер қарастырылған:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22719995_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_f9e57688dbc1fe32cbf0790c7a61d36c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ядролық сынақ, семей полигоны
ядролық сынақ, семей полигоны
Тоқаев Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заңға қол қойды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.
Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады.
Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.
"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы"заңда мына мәселелер қарастырылған:
1.
Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы" арнаулы аймағын құру;
2.
Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;
3.
Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;
4.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.