Шымкентте жүргізуші әйел 20 млн теңге қарызын төлемей жүргені анықталды

© Sputnik / Тимур НазаровШымкент қаласындағы Тоқаев көшесі, архивтегі фото
Шымкент қаласындағы Тоқаев көшесі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Шымкентте полицейлер 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші әйелді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері "Қорғау" бағдарламасы арқылы төленбеген қарызы бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. BMW иесінің 20 млн теңгеге жуық берешегі бар екендігі анықталды.
Тамерлан тас жолында тұрған көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді. Әйелге борышын өтеу туралы ескерту жасалды. Темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Жүргізуші оны қарызын толық төлеген соң ғана қайтарып алады.
Айта кетері, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында "Қорғау" қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Жаңалықтар
0