https://sputnik.kz/20230705/qogamnyn-qundylyqtar-zhuyesi-zhangyrmay-reformamyzdyn-mani-bolmaydy--memleket-basshysy-36568700.html
Қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, реформамыздың мәні болмайды – мемлекет басшысы
Қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, реформамыздың мәні болмайды – мемлекет басшысы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық... 05.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-05T11:09+0500
2023-07-05T11:09+0500
2023-07-05T11:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36448901_0:33:1280:753_1920x0_80_0_0_82bf72f418c90d0b3a48b60af4974d2c.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық моделі жаңаруы қажет деп санайды. Бұл туралы ол елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент Әділетті Қазақстан құру үшін ауқымды институционалдық өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Маңызды саяси реформалар жүргізілді. Азаматтардың мемлекеттік, әсіресе, жергілікті жерде шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді.Мемлекет басшысы Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала екенін атап өтті. Айтуынша, ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты."Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады. Астана – өзгерістердің қайнаған ортасы, түбегейлі жаңғырулардың асыл діңгегі. Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады", - деді ол.Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.Шараға 13 елден мэрлер мен вице-мэрлер қатысып жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36448901_117:0:1164:785_1920x0_80_0_0_11709028aad5416d1b082f4b02e92fb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, астана
қасым-жомарт тоқаев, астана
Қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, реформамыздың мәні болмайды – мемлекет басшысы
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық моделі жаңаруы қажет деп санайды. Бұл туралы ол елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Әділетті Қазақстан құру үшін ауқымды институционалдық өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Маңызды саяси реформалар жүргізілді. Азаматтардың мемлекеттік, әсіресе, жергілікті жерде шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді.
"Алайда қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, барлық реформамыздың мәні болмайды. Бұған кәміл сенемін. Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық моделі жаңаруы қажет. Сондықтан мен жастарға, қалалар мен елорданың жас тұрғындарына үлкен үміт артамын", - деді Тоқаев Астананың бауырлас қалалары форумында.
Мемлекет басшысы Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала екенін атап өтті. Айтуынша, ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты.
"Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады. Астана – өзгерістердің қайнаған ортасы, түбегейлі жаңғырулардың асыл діңгегі. Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады", - деді ол.
Астанада елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.
Шараға 13 елден мэрлер мен вице-мэрлер қатысып жатыр.