Қоғам

Биыл 1,5 млн га алқапқа шегіртке таралуы мүмкін – АШМ

© Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылы 1,5 млн гектар алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін деп болжап отыр.

"Биыл Қазақстанда 1 584,994 мың га аумақта үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы болжанып отыр. Соның ішінде итальяндық шегіртке – 1 302,251 мың га, азиялық шегіртке – 206,793 мың га және Марокко шегірткесі – 75,95 мың га", - деп хабарлайды АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Үйірлі шегірткелердің ең көп таралу аймағы Ақтөбе (669,015 мың га) және Қостанай (422,904 мың га) облыстарында болжануда.
Ведомство ақпаратынша, шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен пестицидтерді сатып алуға, оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану қызметтеріне 3,8 млрд теңге бөлінген.
Үйірлі шегірткемен күресу үшін биыл 1,4 миллион гектар аумаққа түрлі фитосанитарлық пестицидтер сатып алынды. Пестицидтердің қолда бар қорын есепке алғанда (383,5 мың га) қорғалатын аумақ 1,7 млн ​​га құрайды.
"Қазіргі уақытта үйірлі шегірткелерден қорғау шараларын жүргізу үшін өңірлерге қажетті пестицидтердің барлық көлемі жеткізілді. Химиялық өңдеу қызметтерін жеткізушілер 212 мамандандырылған бүріккіш құрал-жабдықтармен, оның ішінде 130 жер үсті үрлегішпен, 35 аэрозольдік газ генераторымен (GARD), 26 аса жеңіл ұшақпен (ALV) және 21 ұшақпен қорғаныс жұмыстарын жүргізеді. Қажет болса, құрал-жабдықтар саны көбейтіледі. Бақылау және қорғау шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі", - деп сендірді комитет.
Сондай-ақ, шекаралас аймақтарда шегірткеге қарсы жағдай тұрақты бақылауда. Өзара ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрліктерімен фитосанитарлық жағдай туралы ақпарат алмасады.
"Шегірткелердің іргелес аумақтарға көшуіне жол бермеу және шекаралас аумақтарда өзара шағымдарды болдырмау мақсатында шекаралық аумақта бірлескен мониторинг жұмыстарының жоспарлары жасалады. Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстарды уақытылы және сапалы жүргізу үшін барлық шараны қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
саранча - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2023
Қостанай облысындағы екі ауданда шегіртке қаптап кетті
Жаңалықтар
0