Абай облысында үш күнге жалғасқан өрт сөндірілді

© Sputnik / Санат ИмангалевСело Успенка, палаточный городок, здесь готовят еду для пожарных и спасателей
Село Успенка, палаточный городок, здесь готовят еду для пожарных и спасателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен Көкпекті ауданындағы өрт бүгін сағат 7-15-те сөндірілді.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 2 шілдеде Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс тұтанған.
Өрт ошағы 4 шілдеде оқшауланды. Ғарыштық түсірілім бойынша өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады.
Өрт тек қол жетімді жерлерде қол құралдарымен сөндірілді. Қарама-қарсы өртеу әдісі де қолданылды. Сөндіруге Абай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.
Жаңалықтар
0