Жайық өзенінде қайықтар соқтығысты: зардап шеккендер бар

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Атырау облысындағы Жайық өзенінде серуен қайықтары соқтығысты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 3 шілдеде сағат 20:05 шамасында болған.

"Қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған. Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.

Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтар
0