https://sputnik.kz/20230704/zhaponiya-qazaqstan-ekonomikasy-en-iri-investor-prezident-36545602.html
Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіреді – президент
Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіреді – президент
Sputnik Қазақстан
Жапония Қазақстанға 8 млрд доллар инвестиция құйған 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T18:16+0500
2023-07-04T18:16+0500
2023-07-04T18:50+0500
экономика
жапония
президент
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін айтты.Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.
https://sputnik.kz/20230704/duniezhuzilik-saudanyn-15--i-shyu-elderinin-ulesine-tiesili--toqaev-36534038.html
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жапония, президент
Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіреді – президент
18:16 04.07.2023 (жаңартылды: 18:50 04.07.2023) Жапония Қазақстанға 8 млрд доллар инвестиция құйған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін айтты.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.
Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.
Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.