Жамбыл облысында өрт шықты

© Photo : Пресс-служба ДЧС Акмолинской области Пожар в Коргалжынском заповеднике
Пожар в Коргалжынском заповеднике - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында таулы жерде өрт шығып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 3 шілдеде сағат 17.30-де Рысқұлов ауданының Шолақ Қайыңды ауылынан 12 км таулы жерден шыққан.
"Тау басында құрғақ шөп жанған. Қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр", - делінген департамент хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында департаменттің жеке құрамынан 45 адам мен 6 арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жеткен.
"4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін "Қазавиақұтқарудың" ЕО-19 АҚ тікұшағы өрт аумағына шықты", - деп хабарлады ведомство.
Төтенше жағдайлар министрлгінің мәліметінше, 48 га алаңдағы өрт 4 шілде күні сағат 10:30-да сөндірілді.
Пожарные за работой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Абай облысында зауытта өрт шықты
Жаңалықтар
0