Смайылов энергокомбинаттағы апат жайлы: кінәлілер жауапқа тартылады

© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіҮкіметте Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкіметте Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
Премьер-министр жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын атап өтті
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергокомбинатындағы апаттан кейін құзырлы органдарға тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Ақтаудағы энергокомбинатта апатты жағдайдан автоматты қорғау жүйесі іске қосылған. Қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатыр. Бұл аймақтардың энергия жүйесі Батыс энергетикалық торабымен біріктірілген.
"Жағдай бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес премьер-министрдің төрағалығымен апаттың себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету", - деп мәлімдеді Смайылов үкімет отырысында.
Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық ақаулар анықталмағанын атап өтті. Зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданды. Қазір зауыт басқа кәсіпорындар сияқты өз жұмысын қалпына келтіруде.
"Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды", - деді премьер.
Смайылов Маңғыстау облысының әкімдігіне энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауды, ал энергетика министрлігіне "KEGOC" компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қою қажет екеніне назар аударды.
Жаңалықтар
0