https://sputnik.kz/20230704/shyu-sammiti-uyymga-mushe-elderdin-basshylary-ne-turaly-kelisti-36551453.html
ШЫҰ саммиті: ұйымға мүше елдердің басшылары не туралы келісті
ШЫҰ саммиті: ұйымға мүше елдердің басшылары не туралы келісті
Sputnik Қазақстан
Шанхай ынтымақтастық ұйымы XXIII саммитінің қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясы қабылданды 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T20:39+0500
2023-07-04T20:39+0500
2023-08-09T12:31+0500
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36546494_0:177:3015:1873_1920x0_80_0_0_a9ded417c6e39a65262e0f328fb950fe.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы XXIII саммитінің қорытындысы бойынша қауымдастыққа мүше мемлекет басшылары кеңесінің Нью-Дели декларациясын қабылдады.Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер ашық әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу, нарықтарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ көпжақты сауда жүйесін қолдауды даму басымдықтарының бірі ретінде белгіледі, деп хабарлайды РИА Новости.Жаһандық экономика құрылысы"Мүше мемлекеттер жаһандық экономикалық басқарудың архитектурасын одан әрі жетілдіру мен реформалаудың маңыздылығын растайды және ДСҰ қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, ашық транспарентті, әділ, инклюзивті, алаламайтын және көпжақты сауда жүйесін дәйекті түрде қолдайды және нығайтады, ашық әлемдік экономиканы дамыту, нарықтарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі", - деп жазылған құжатта.ШЫҰ елдері сондай-ақ ұйымның мүдделі мүшелерінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыру жол картасын жүзеге асыруға шақырды.Мүше елдер тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ ШЫҰ аймағындағы халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ниетті екені аталып өтті.Бейбіт мақсаттағы цифрландыруСонымен қатар декларацияда бірлестікке қатысушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын милитаризациялауға қарсы екені көрсетілген."Мүше мемлекеттер БҰҰ-ның қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы және мемлекеттің егемендігін құрметтеу және басқа елдердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген қауіпсіз, әділ және ашық ақпараттық кеңістікті құрудағы шешуші рөлін атап өтеді", - деп жазылған құжатта.Бұл ретте барлық елдің Интернетті реттеудегі тең құқықтарын және мемлекеттердің өз ұлттық сегментінде оны басқарудағы егемендік құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығы да айтылды."Мүше мемлекеттер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды милитаризациялауға үзілді-кесілді қарсы. Олар мемлекеттердің осы саладағы жауапты іс-әрекетінің әмбебап ережелерін, қағидаттарын және нормаларын әзірлеуді қолдайды, соның ішінде БҰҰ ақпараттық-технологиялық коммуникацияларды қылмыстық мақсатта пайдалануға қарсы күрес жөніндегі жалпыға ортақ халықаралық конвенциясы аясында әзірлемелерді іске қосуды құптайды", - деп жазылған декларацияда.Иран ядролық бағдарламасыСонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жалпыға ортақ іс-қимылдар жоспарын тұрақты жүзеге асыруды маңызды деп санайтыны және қатысушыларды өз міндеттемелерін орындауға шақыратыны айтылды."Мүше мемлекеттер Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жалпыға ортақ іс-қимылдар жоспарының тұрақты орындалуын қамтамасыз етуді маңызды деп санайды және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына сәйкес барлық қатысушыны құжатты жан-жақты және тиімді жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерін мүлтіксіз орындауға шақырады", - деп жазылған декларацияда.Терроризммен күрестегі ынтымақтастықШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұйымға мүше елдердің аумағында қызметіне тыйым салынған террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін қалыптастырудың бірыңғай қағидаттары мен тәсілдерін әзірлеуге ұмтылу қажеттігі туралы ортақ пікірге келгені саммитің маңызды сәтінің бірі болды."Мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында қызметіне тыйым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың бірыңғай тізімін қалыптастырудың ортақ қағидаттарын әзірлеуге ұмтылады", - деп көрсетілген декларацияда.Сонымен бірге терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресте құзырлы органдардың ынтымақтастығын ілгерілетудегі ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының тиімді қызметі аталып өтті.Технологиялық теңсіздікті қысқартуСаммитке қатысушылар халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты, әсіресе, әлемдегі экономикалық тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында әділеттілік қағидатын сақтау қажеттігін атап өтті."Технологиялық және цифрлық алшақтықтың өсімі, әлемдік қаржы нарықтарындағы ауытқулық, инвестиция ағынының қысқаруы, жеткізу тізбегінің тұрақсыздығы, протекционистік шаралардың күшеюі және халықаралық саудадағы басқа да кедергілер, жаһандық климаттың өзгеруі мен COVID-19 пандемиясының салдары жаһандық экономикадағы құбылмалылық пен белгісіздікті күшейтуде", - деп жазылған құжатта.Бұл факторлар экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқатты сақтау, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін іске асыру үшін қосымша қиындықтар сын-тәуекелдер туғызатыны айтылды.Есірткі саудасына қарсы бірлескен күресСондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер есірткі және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте бірлескен және теңдестірілген тәсілді әзірлеу қажет деп санайды."Ұйымға мүше-мемлекеттер есірткі заттарын өндірудің, айналымының және теріс пайдалануының өсуінен туындайтын қауіп-қатердің күшеюіне, есірткінің заңсыз айналымынан түскен кірістерді терроризмді қаржыландыру көзі ретінде пайдалануына алаңдаушылық білдірді", - делінген декларация мәтінінде.Осыған байланысты есірткі және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте бірлескен және теңгерімді тәсілді әзірлеу қажет деп шешілді. Сонымен қатар есірткіге қарсы бірлескен операцияны тұрақты негізде жүргізуді жалғастыру ниеті сөз болды.ШЫҰ әлеуеті – экономикаШЫҰ-ның Нью-Дели декларациясында Ұйымның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етудің маңыздылығы аталып өткен. Декларация мәтініне сәйкес, цифрлық экономика, жоғары технологиялар мен инновациялар, автомобиль және теміржол көлігінің жаңа халықаралық бағыттарын құру және қолданыстағыларын жаңғырту, мультимодальдық көлік дәліздері мен логистикалық орталықтар, қаржы және инвестиция, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі, сенімді, тұрақты және әртараптандырылған жеткізу тізбегі, өнеркәсіптік ынтымақтастық, өңіраралық байланыстар ұйым мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарына жатады.Декларацияда Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) дамыту мен заманауи экономикалық шындыққа бейімделуге баса назар аудара отырып, ертерек реформалау қажеттілігі де айтылған."Ұйымға мүше мемлекеттер Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) халықаралық сауда күн тәртібін талқылау және көпжақты сауда жүйесінің ережелерін қабылдаудың негізгі алаңы ретінде тиімдірек етуге шақырады. Олар ұйымды дамытуға және заманауи экономикалық шындыққа бейімдеуге, сондай-ақ мониторинг, келіссөз жүргізу және дауларды шешу функцияларын тиімді жүзеге асыруға назар аудару арқылы оны мүмкіндігінше тезірек инклюзивті реформалау қажеттілігіне баса назар аударады", - деп жазылған декларацияда.Сейсенбі күні Нью-Делиде виртуалды форматта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиырма үшінші саммиті өтті. Саммитке ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттің, яғни Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары шақырылған. Осы отырыста Иран ұйымдағы мәртебесін өзгертіп, ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Сонымен қатар Беларусь пен Моңғолия кеңеске бақылаушы мемлекеттер ретінде қатысты, ал Түрікменстан төрағаның қонағы ретінде шақырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36546494_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_ac0ba73b7c1b49c1802824f3eb2ae8aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ
ШЫҰ саммиті: ұйымға мүше елдердің басшылары не туралы келісті
20:39 04.07.2023 (жаңартылды: 12:31 09.08.2023) Шанхай ынтымақтастық ұйымы XXIII саммитінің қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясы қабылданды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы XXIII саммитінің қорытындысы бойынша қауымдастыққа мүше мемлекет басшылары кеңесінің Нью-Дели декларациясын қабылдады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер ашық әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу, нарықтарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ көпжақты сауда жүйесін қолдауды даму басымдықтарының бірі ретінде белгіледі, деп хабарлайды РИА Новости.
Жаһандық экономика құрылысы
"Мүше мемлекеттер жаһандық экономикалық басқарудың архитектурасын одан әрі жетілдіру мен реформалаудың маңыздылығын растайды және ДСҰ қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, ашық транспарентті, әділ, инклюзивті, алаламайтын және көпжақты сауда жүйесін дәйекті түрде қолдайды және нығайтады, ашық әлемдік экономиканы дамыту, нарықтарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі", - деп жазылған құжатта.
ШЫҰ елдері сондай-ақ ұйымның мүдделі мүшелерінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыру жол картасын жүзеге асыруға шақырды.
Мүше елдер тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ ШЫҰ аймағындағы халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ниетті екені аталып өтті.
Бейбіт мақсаттағы цифрландыру
Сонымен қатар декларацияда бірлестікке қатысушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын милитаризациялауға қарсы екені көрсетілген.
"Мүше мемлекеттер БҰҰ-ның қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы және мемлекеттің егемендігін құрметтеу және басқа елдердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген қауіпсіз, әділ және ашық ақпараттық кеңістікті құрудағы шешуші рөлін атап өтеді", - деп жазылған құжатта.
Бұл ретте барлық елдің Интернетті реттеудегі тең құқықтарын және мемлекеттердің өз ұлттық сегментінде оны басқарудағы егемендік құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығы да айтылды.
"Мүше мемлекеттер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды милитаризациялауға үзілді-кесілді қарсы. Олар мемлекеттердің осы саладағы жауапты іс-әрекетінің әмбебап ережелерін, қағидаттарын және нормаларын әзірлеуді қолдайды, соның ішінде БҰҰ ақпараттық-технологиялық коммуникацияларды қылмыстық мақсатта пайдалануға қарсы күрес жөніндегі жалпыға ортақ халықаралық конвенциясы аясында әзірлемелерді іске қосуды құптайды", - деп жазылған декларацияда.
Иран ядролық бағдарламасы
Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жалпыға ортақ іс-қимылдар жоспарын тұрақты жүзеге асыруды маңызды деп санайтыны және қатысушыларды өз міндеттемелерін орындауға шақыратыны айтылды.
"Мүше мемлекеттер Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жалпыға ортақ іс-қимылдар жоспарының тұрақты орындалуын қамтамасыз етуді маңызды деп санайды және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына сәйкес барлық қатысушыны құжатты жан-жақты және тиімді жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерін мүлтіксіз орындауға шақырады", - деп жазылған декларацияда.
Терроризммен күрестегі ынтымақтастық
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұйымға мүше елдердің аумағында қызметіне тыйым салынған террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін қалыптастырудың бірыңғай қағидаттары мен тәсілдерін әзірлеуге ұмтылу қажеттігі туралы ортақ пікірге келгені саммитің маңызды сәтінің бірі болды.
"Мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында қызметіне тыйым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың бірыңғай тізімін қалыптастырудың ортақ қағидаттарын әзірлеуге ұмтылады", - деп көрсетілген декларацияда.
Сонымен бірге терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресте құзырлы органдардың ынтымақтастығын ілгерілетудегі ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының тиімді қызметі аталып өтті.
Технологиялық теңсіздікті қысқарту
Саммитке қатысушылар халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты, әсіресе, әлемдегі экономикалық тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында әділеттілік қағидатын сақтау қажеттігін атап өтті.
"Технологиялық және цифрлық алшақтықтың өсімі, әлемдік қаржы нарықтарындағы ауытқулық, инвестиция ағынының қысқаруы, жеткізу тізбегінің тұрақсыздығы, протекционистік шаралардың күшеюі және халықаралық саудадағы басқа да кедергілер, жаһандық климаттың өзгеруі мен COVID-19 пандемиясының салдары жаһандық экономикадағы құбылмалылық пен белгісіздікті күшейтуде", - деп жазылған құжатта.
Бұл факторлар экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқатты сақтау, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін іске асыру үшін қосымша қиындықтар сын-тәуекелдер туғызатыны айтылды.
Есірткі саудасына қарсы бірлескен күрес
Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер есірткі және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте бірлескен және теңдестірілген тәсілді әзірлеу қажет деп санайды.
"Ұйымға мүше-мемлекеттер есірткі заттарын өндірудің, айналымының және теріс пайдалануының өсуінен туындайтын қауіп-қатердің күшеюіне, есірткінің заңсыз айналымынан түскен кірістерді терроризмді қаржыландыру көзі ретінде пайдалануына алаңдаушылық білдірді", - делінген декларация мәтінінде.
Осыған байланысты есірткі және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте бірлескен және теңгерімді тәсілді әзірлеу қажет деп шешілді. Сонымен қатар есірткіге қарсы бірлескен операцияны тұрақты негізде жүргізуді жалғастыру ниеті сөз болды.
ШЫҰ-ның Нью-Дели декларациясында Ұйымның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етудің маңыздылығы аталып өткен. Декларация мәтініне сәйкес, цифрлық экономика, жоғары технологиялар мен инновациялар, автомобиль және теміржол көлігінің жаңа халықаралық бағыттарын құру және қолданыстағыларын жаңғырту, мультимодальдық көлік дәліздері мен логистикалық орталықтар, қаржы және инвестиция, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі, сенімді, тұрақты және әртараптандырылған жеткізу тізбегі, өнеркәсіптік ынтымақтастық, өңіраралық байланыстар ұйым мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарына жатады.
Декларацияда Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) дамыту мен заманауи экономикалық шындыққа бейімделуге баса назар аудара отырып, ертерек реформалау қажеттілігі де айтылған.
"Ұйымға мүше мемлекеттер Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) халықаралық сауда күн тәртібін талқылау және көпжақты сауда жүйесінің ережелерін қабылдаудың негізгі алаңы ретінде тиімдірек етуге шақырады. Олар ұйымды дамытуға және заманауи экономикалық шындыққа бейімдеуге, сондай-ақ мониторинг, келіссөз жүргізу және дауларды шешу функцияларын тиімді жүзеге асыруға назар аудару арқылы оны мүмкіндігінше тезірек инклюзивті реформалау қажеттілігіне баса назар аударады", - деп жазылған декларацияда.
Сейсенбі күні Нью-Делиде виртуалды форматта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиырма үшінші саммиті өтті. Саммитке ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттің, яғни Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары шақырылған. Осы отырыста Иран ұйымдағы мәртебесін өзгертіп, ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Сонымен қатар Беларусь пен Моңғолия кеңеске бақылаушы мемлекеттер ретінде қатысты, ал Түрікменстан төрағаның қонағы ретінде шақырылды.