https://sputnik.kz/20230704/qazaqstanda-ushqysh-zhetispeydi-al-zhas-mamandar-zhumys-tappay-zhur-36541097.html
Қазақстанда ұшқыш жетіспейді: ал жас мамандар жұмыс таппай жүр
Қазақстанда ұшқыш жетіспейді: ал жас мамандар жұмыс таппай жүр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның авиация саласында маман тапшы. Бұл мәселе біраздан бері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылып... 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T15:28+0500
2023-07-04T15:28+0500
2023-08-09T12:32+0500
ұшқыш
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109583_97:0:3738:2048_1920x0_80_0_0_3da1701568f9b78e203144151147cf28.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның авиация саласында маман тапшы. Бұл мәселе біраздан бері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылып келеді. Sputnik Қазақстан тілшісі әуе компанияларына қанша ұшқыш керек екенін білді.Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласында негізінен әуе кемесінің командирі тапшы. Бұл мамандық иесінің бай жұмыс тәжірибесі, ұшқан сағат саны көп болу керек. Сондай-ақ ұшқышқа қойылатын біліктілік талаптарын өте жақсы меңгерген болуы керек.Әуе капитанынан бөлек ұшақта болатын екінші ұшқыш та жетіспейді."Қазақстанның әуе компанияларына106 екінші ұшқыш мамандығы қажет, оның ішінде "Эйр Астана" АҚ - 70, "Scat "авиакомпаниясы" АҚ - 35, "QAZAQ AIR" АҚ – 1", - дейді министрлік мамандары.Қазақстанда ұшқыш болғысы келетін маман тапшы деуге келмейді, өйткені бір ғана Азаматтық авиация академиясын жылына 400-ге жуық түлек бітіреді екен."Ұшқыштарды жұмысқа орналастыруға қатысты бұрын проблема болған. Бірақ соңғы 2 жылда біздің ұшқыш түлектер "Scat ", "Эйр Астана" әуе компаниясына жұмысқа орналасып жатыр. Ұшқыштың жетіспеуіне, біздің ойымызша, әуе компанияларының жаңа борттарды сатып алуы себеп болып отыр. Өйткені әр бортта кемінде 5 ұшқыш қажет. Ал сатып алынып жатқан борттардың саны көп", - дейді Азаматтық авиация академиясының мамандары.Академияның айтуынша, былтыр мамандық алып шыққан түлектердің 86% жұмысқа орналасқан. 69% өз мамандығына қол жеткізсе, қалғаны авиация саласына басқа мамандықпен жұмысқа орналасқан.Қазақстанда азаматтық авиациядан гөрі, тікұшаққа ұшқыш болып орналасу оңай көрінеді. Былтыр Азаматтық авиация академиясын бітірген тікұшақ ұшқыштары 100% жұмысқа орналасқан.Кейіпкердің айтуынша, баласымен бірге оқуды бітіріп, ұшақты таңдаған жас мамандар сол күйі жұмыссыз жүр."Кейбір баланың ата-анасы "ұшаққа барасың, тікұшаққа бармайсың" деп айтыпты. Сол балалардың бәрі жұмыссыз жүр. Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы неде деп баламнан сұрасам, ұшақ деген престижный, киімдері де әдемі дейді. Тікұшақтың жұмысы да ауыр. Жалпы қайсысы болсын, бұл сала өте ауыр сала. Жерде жүріп жасаған қателікті түзеуге болады. Ал әуеде ұшқыш қателік жасаса, ол өмірімен өлшенеді. Соған қарамай еңбекақысы да мардымсыз екен", - дейді ұшқыштың анасы.Sputnik Қазақстан тілшісі әскери авиацияда жұмыс істейтін инженерлік техникалық құраммен тілдесіп көрді."Бастапқы еңбекақы 200 мың теңге екен. Осында кейбірі 500 мың теңгеге дейін алады. Әскери шенге байланысты. Шенді алу үшін біраз жыл тер төгесің. 500 мың теңге еңбекақыға табандап, 10-15 жыл еңбек етсең ғана қол жеткізе аласың", - дейді әскери авиация инженері.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109583_552:0:3283:2048_1920x0_80_0_0_9283b4383f950c12cece450cb5ff97e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ұшқыш
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның авиация саласында маман тапшы. Бұл мәселе біраздан бері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылып келеді.
Sputnik Қазақстан тілшісі әуе компанияларына қанша ұшқыш керек екенін білді.
Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласында негізінен әуе кемесінің командирі тапшы. Бұл мамандық иесінің бай жұмыс тәжірибесі, ұшқан сағат саны көп болу керек. Сондай-ақ ұшқышқа қойылатын біліктілік талаптарын өте жақсы меңгерген болуы керек.
"Қазіргі уақытта Қазақстанның әуе компаниялары үшін 54 әуе кемесінің капитаны қажет, оның ішінде "Эйр Астана" АҚ – 19, "Scat "авиакомпаниясы" АҚ – 30, "QAZAQ AIR" АҚ-ға 4 әуе кемесінің капитаны керек", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Әуе капитанынан бөлек ұшақта болатын екінші ұшқыш та жетіспейді.
"Қазақстанның әуе компанияларына106 екінші ұшқыш мамандығы қажет, оның ішінде "Эйр Астана" АҚ - 70, "Scat "авиакомпаниясы" АҚ - 35, "QAZAQ AIR" АҚ – 1", - дейді министрлік мамандары.
Қазақстанда ұшқыш болғысы келетін маман тапшы деуге келмейді, өйткені бір ғана Азаматтық авиация академиясын жылына 400-ге жуық түлек бітіреді екен.
"Ұшқыштарды жұмысқа орналастыруға қатысты бұрын проблема болған. Бірақ соңғы 2 жылда біздің ұшқыш түлектер "Scat ", "Эйр Астана" әуе компаниясына жұмысқа орналасып жатыр. Ұшқыштың жетіспеуіне, біздің ойымызша, әуе компанияларының жаңа борттарды сатып алуы себеп болып отыр. Өйткені әр бортта кемінде 5 ұшқыш қажет. Ал сатып алынып жатқан борттардың саны көп", - дейді Азаматтық авиация академиясының мамандары.
Академияның айтуынша, былтыр мамандық алып шыққан түлектердің 86% жұмысқа орналасқан. 69% өз мамандығына қол жеткізсе, қалғаны авиация саласына басқа мамандықпен жұмысқа орналасқан.
Қазақстанда азаматтық авиациядан гөрі, тікұшаққа ұшқыш болып орналасу оңай көрінеді. Былтыр Азаматтық авиация академиясын бітірген тікұшақ ұшқыштары 100% жұмысқа орналасқан.
"Менің балам ұшқыштың оқуын оқыды. Екінші ме әлде, үшінші курста ма, бір мұғалімі "Таныстарың бар ма? Таныстарың болса ұшаққа отырыңдар, болмаса тікұшаққа барыңдар. Өйткені таныссыз ұшаққа ұшқыш болып орналаса алмайсыңдар" депті. Менің балам тікұшаққа кетті. Қазір жұмыс істеп жүр, осы саланы жаны қалап, таңдады", - дейді аты-жөнін жария еткісі келмеген ата-ана.
Кейіпкердің айтуынша, баласымен бірге оқуды бітіріп, ұшақты таңдаған жас мамандар сол күйі жұмыссыз жүр.
"Кейбір баланың ата-анасы "ұшаққа барасың, тікұшаққа бармайсың" деп айтыпты. Сол балалардың бәрі жұмыссыз жүр. Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы неде деп баламнан сұрасам, ұшақ деген престижный, киімдері де әдемі дейді. Тікұшақтың жұмысы да ауыр. Жалпы қайсысы болсын, бұл сала өте ауыр сала. Жерде жүріп жасаған қателікті түзеуге болады. Ал әуеде ұшқыш қателік жасаса, ол өмірімен өлшенеді. Соған қарамай еңбекақысы да мардымсыз екен", - дейді ұшқыштың анасы.
Sputnik Қазақстан тілшісі әскери авиацияда жұмыс істейтін инженерлік техникалық құраммен тілдесіп көрді.
"Бастапқы еңбекақы 200 мың теңге екен. Осында кейбірі 500 мың теңгеге дейін алады. Әскери шенге байланысты. Шенді алу үшін біраз жыл тер төгесің. 500 мың теңге еңбекақыға табандап, 10-15 жыл еңбек етсең ғана қол жеткізе аласың", - дейді әскери авиация инженері.