Қарбыздан уланып қалмау үшін не істеу керек?
© Photo : СС0 / congerdesignҚарбыз
© Photo : СС0 / congerdesign
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Құрамында нитрат көп қарбызды жеген адам уланып қалуы мүмкін. Оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Егер ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай қауіп төнеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Нитратпен улану белгілері: жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуі және ауыруы.
Алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет. Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек, сонымен қатар тыныштықты қамтамасыз етіп, оның жағдайын бақылау керек.
Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.
Өзіңді және жақындарыңды қарбыздан уланудан қорғау үшін келесі сақтық шаралары ұсынылады:
Қарбызды жақсылап жуу;
Суық суға жарты сағатқа салып қою;
Қабығының жанындағы мәйегін жеуге болмайды, өйткені онда нитраттар ең көп мөлшерде жиналады;
Сатып алып жатқан кезде кесіп көруге болмайды. Қарбыз жерде өседі, сатылатын жерге дұрыс тасымалданбайды. Дамушы микроағзалар кесілген жерге түседі. Сатушылар мен сатып алушылардың қолдарының жуылмауы улану қаупін арттырады.
Қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін оны жеудің алдында мәйегінен кесіп алып, бір стақан суға салып қою керек. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, онда оның құрамында нитраттардың көп екенін білдіреді.
Жеміс сатып алғанда, қабығының бүтіндігіне назар аударуды ұсынамыз.
Қарбызды қайдан және қашан сатып алмаған жөн?
Өзіңді ішек инфекцияларынан қорғау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек:
ашық базарлардан сатып алудың қажеті жоқ;
бақша дақылдарын сату үшін бөлінген орын қоршалып, күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуға тиіс. Сату нүктесі шатыр астында болуы керек, онда қарбыз мен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталуы керек.
жол бойында жидектер сатып алмаған жөн, өйткені жиналғаннан кейін қарбыз "дем алуды" жалғастырады, сондықтан ол автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.