https://sputnik.kz/20230704/daulet-turlykhanovtyn-ulyn-qanday-zhaza-kutip-tur--ministr-zhauaby-36529508.html
Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қандай жаза күтіп тұр – министр жауабы
Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қандай жаза күтіп тұр – министр жауабы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды... 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T11:37+0500
2023-07-04T11:37+0500
2023-07-04T11:38+0500
дәулет тұрлыханов
әскери борыш
https://sputnik.kz/img/955/00/9550008_0:125:2400:1475_1920x0_80_0_0_76b4563301e29d864df4aba0334309ab.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, ол әскери қудалау органдарының шешімімен қолбасшылықтың бақылауында болған. Гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған.Еске салсақ, кеше Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қатардағы жауынгер Б. Қонаев гарнизонының әскери бөлімінде қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта кетіп қалған.Ол бұйрыққа бағынбай, оны орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапқа тартылған. Әскери бөлімге әскери қызметшімен бірге қайтып бара жатқан.Көп ұзамай қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің табылғанын хабарлады. Ол қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.Айта кетері, Дәулет Тұрлыханов – сегізінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты.
https://sputnik.kz/20230704/askeri-bolimnen-qashyp-ketken-daulet-turlykhanovtyn-uly-tabyldy-36519757.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/955/00/9550008_298:0:2102:1353_1920x0_80_0_0_9d28fe8aa00baf65f5f660344574b482.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәулет тұрлыханов, әскери борыш
дәулет тұрлыханов, әскери борыш
Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қандай жаза күтіп тұр – министр жауабы
11:37 04.07.2023 (жаңартылды: 11:38 04.07.2023) АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, ол әскери қудалау органдарының шешімімен қолбасшылықтың бақылауында болған. Гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған.
"Тәртіптік жарғыға сәйкес, ол жазаланады. Қайталап айтамын, әскер жас қылмыскерлерді қамауда ұстайтын колония емес. Біздің функциямыз мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Біз оны түзете алмаймыз. Біздің функциямыз басқа", - деді Жақсылықов үкімет кулуарында.
Еске салсақ, кеше Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қатардағы жауынгер Б. Қонаев гарнизонының әскери бөлімінде қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта кетіп қалған.
Ол бұйрыққа бағынбай, оны орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапқа тартылған. Әскери бөлімге әскери қызметшімен бірге қайтып бара жатқан.
Көп ұзамай қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің табылғанын хабарлады. Ол қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, Дәулет Тұрлыханов – сегізінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты.