Видео

Арыстан ашулы бегемоттардан әрең қашып құтылды

Жазылу
Аң патшасы арыстан бөтен аумаққа кіріп, су сиырларының ашуына тиді. Ол өміріне қауіп төнгенін сезіп, алды-артына қарамай тұра қашты! Жабайы жануарлар өміріндегі сирек көріністі тамашалаңыз!
Еркек арыстан өзеннен өтпек болған кезде судың ортасында қалып, ашулы бегемоттардың қоршауында қалды! Ол тастың үстіне шығып, біраз демалуға бел буады. Бірақ ойлағаны болмады! Бұл аумақты өздеріне тиесілі деп санайтын су сиырлары шақырылмаған қонаққа тарпа бас салды.
Видеодан аң патшасының тіпті өзен құбыжықтарына қарсы тұруға батылы жетпегені көрініп тұр. Ол бірден суға секіріп, қашып кетеді.
Оқиғаның немен аяқталғанын видеодан көріңіз!
Жаңалықтар
0