https://sputnik.kz/20230703/ulttyq-bank-toqaev-inflyatsiya-36502644.html
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа инфляция бәсеңдеп келе жатқанын айтты
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа инфляция бәсеңдеп келе жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T13:24+0500
2023-07-03T13:24+0500
2023-07-03T13:24+0500
экономика
ұлттық банк
инфляция
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/07/03/36502325_157:0:1153:560_1920x0_80_0_0_5844642e0827383a4ae16559ff95c4b4.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндалды.Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отыр.Сонымен қатар ол президентке Ашық банкинг тұжырымдамасын қолданысқа енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері жөнінде мәлімет берді.Кездесу соңында мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған міндеттер жүктеді.
https://sputnik.kz/20230615/zhyldyq-inflyatsiya-11-14-ke-deyin-tomendeydi-degen-bolzham-bar--ulttyq-bank-35967326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/03/36502325_281:0:1028:560_1920x0_80_0_0_1ea7c26b3e89f10e2c26e8a816c2e227.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, инфляция, қасым-жомарт тоқаев
ұлттық банк, инфляция, қасым-жомарт тоқаев
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа инфляция бәсеңдеп келе жатқанын айтты
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндалды.
Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отыр.
Сонымен қатар ол президентке Ашық банкинг тұжырымдамасын қолданысқа енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері жөнінде мәлімет берді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған міндеттер жүктеді.