https://sputnik.kz/20230703/ukraina-eki-qazaqstandyq-kompaniyaga-qarsy-sanktsiya-engizdi-36497016.html
Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді
Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар, деп хабарлайды... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T08:34+0500
2023-07-03T08:34+0500
2023-07-03T08:34+0500
санкция
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258336_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_f07eae02a12c5b7cba75d2a7b4b0e773.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы."ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады."Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқандар жасайды.Зеленский қол қойған жарлыққа сәйкес, санкцияға Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан мен Кипр ұйымдары ілікті. Олардың активтері бұғатталады, сауда операциялары шектеледі. Бұдан бөлек, Украинадан капитал шығаруға тыйым салынады. Зияткерлік меншік пен технологияларды беруге рұқсат жоқ.
https://sputnik.kz/20220330/sultanov-kasipkerler-resey-sanktsiya-23832459.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258336_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_5b281c56b69d9232540d38564f1dfde7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
санкция
Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы.
"ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады.
"Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқандар жасайды.
Зеленский қол қойған жарлыққа сәйкес, санкцияға Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан мен Кипр ұйымдары ілікті. Олардың активтері бұғатталады, сауда операциялары шектеледі. Бұдан бөлек, Украинадан капитал шығаруға тыйым салынады. Зияткерлік меншік пен технологияларды беруге рұқсат жоқ.