https://sputnik.kz/20230703/toqaev-zhogargy-sot-toragasyn-qabyldady-36499827.html
Тоқаев жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Тоқаев жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Мерғалиев өткен жартыжылдықта сот жүйесінің... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T10:42+0500
2023-07-03T10:42+0500
2023-07-03T10:42+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/07/03/36499481_154:0:1125:546_1920x0_80_0_0_8ed86b288176d4a48fad46bba5a687ae.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Мерғалиев өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берді.Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.Сонымен қатар президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды.Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.
https://sputnik.kz/20230629/zhogargy-sot-sudyalary-saylandy-36404127.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/03/36499481_276:0:1004:546_1920x0_80_0_0_ac4717173672c32eab8c33a3dc294a40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев жоғарғы сот төрағасын қабылдады
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Мерғалиев өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берді.
Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.
Сонымен қатар президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды.
Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.
Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.