Смадияров Украинаның қазақстандық компанияларға салған санкциясы туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАйбек Смадияров
Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Украина салған санкцияларға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты, деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Жуықта ведомство бұл компанияларға қатысты түсініктеме берді: олар немен айналысатыны, келісімшарттарға қай кезде қол қойылғаны анықталды. Сыртқы істер министрлігі арқылы біз қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырамыз", - деді Смадияров.
Еске сала кетейік, өткен аптада Украина бірнеше мемлекеттің 291 кәсіпорнына, оның ішінде екі қазақстандық компанияға қарсы 5-10 жыл мерзімге санкция салғаны белгілі болды.
Тізімде "ИТС-Астана" ЖШС мен "Тыныс" АҚ бар. Бұл компанияларға қарсы санкциялар бес жыл мерзімге енгізілді.
"ИТС-Астана" дәнекерлеу жабдықтарын жеткізеді және ресейлік "ИТС-Урал" компаниясы зауытының Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады.
Украина президентінің санкция салу туралы жарлығына сәйкес, шектеулер Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан және Кипрдегі ұйымдарға қатысты болды.
Жаңалықтар
0