Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей армиясының артиллериясы "Мста-С" гаубицаларымен күшейтілді

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуБоевая работа самоходной гаубицы 2С19 "Мста-С" с закрытых огневых позиций в ЛНР
Боевая работа самоходной гаубицы 2С19 Мста-С с закрытых огневых позиций в ЛНР - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
Ресейлік модернизацияланған "Мста-С" өздігінен жүретін зеңбірек қондырғысы қуаттылық пен сенімділіктің айнымас үлгісі болып табылады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы Күштерінің әскери техникасы мен адам күшінің 80%-ке жуығын талқандауды қамтамасыз ететін артиллерия Ресейдің арнайы әскери операциясы барысындағы қарудың ең тиімді түрі болып табылады.
29 маусымда "Ростех" 2023 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігіне 152 миллиметрлік жаңа 2С19М1 "Мста-С" гаубицасының бірінші партиясын тапсырды. Модернизацияланған гаубица автоматтандырылған бағыттау және атысты басқару жүйесімен (АБАБЖ) жабдықталған, минутына 8 рет оқу ату (2С19М2 модификациясы 10 оқ атуға дейін) түріндегі жоғары атыс жылдамдығына ие, 40 километрге дейінгі қашықтықта нысаналарға тәулік бойы, кез келген ауа райында әртүрлі снарядтармен соққы жасауға қабілетті.
Жаңа "Мста-С" артиллериялық жүйесі "ГЛОНАСС" спутниктік навигациялық жүйесімен біріктірілген. Бұл күрделі географиялық жағдайларда жердегі бағдарлауды айтарлықтай жылдамдатады және атыс тапсырмаларын тезірек және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
"Қажет болса, атысты қашықтан – батареяның командалық пунктінен басқаруға болады. Оқ атуды реттеу "Орлан-10" пилотсыз ұшу аппараттарының топтарымен бірлесіп жүзеге асырылады", - деп жазды Хроленко.
"Мста-С" гаубицасының конструкциясы әртүрлі траекториялар бойынша бір зеңбіректен атылған бірнеше снарядтармен нысанаға бір уақытта тиюге мүмкіндік береді.
Атыс жүргізу автоматтандырылған. Атуға дайындық атыс шебіне келген сәттен бастап 90 секунд, ал басқа позицияға кетуге одан да аз уақыт қажет. "Накидка" синтетикалық материалынан жасалған арнайы компонент тіпті қарқынды атыстан кейін ысыған гаубицаны қоршаған орта температурасында жасыра алады.
Ресейдің Құрлық әскеріндегі салмағы ең ауыр өздігінен жүретін зеңбірек – "Мста-С" артиллериялық батареяларды, танктерді, броньдалған тасымалдаушыларды, қорғаныс құрылымдарын, басқару пункттерін, байланыс тораптарын, адам күшін, қарсыластың тылдағы нысандарын жоюға арналған.
Оқ-дәрі жинағында жарықшақ-фугасты, кассеталы, түзетілген "Сантиметр" және "Краснополь" снарядтары, сондай-ақ салмағы екі килотоннаға дейін жететін ядролық және радиокедергілерге арналған снарядтар бар.
15 миллиметр біртекті болат тақталардан жасалған "Мста-С" гаубицасының корпусы экипажды броньды тесетін оқтар мен жарықшақтардан қорғайды, сондай-ақ көліктің жүріс бөлігі мен қозғалтқышты шамадан тыс жүктемейді (машина салмағы 42 тонна).
Алты тіректі катоктары, бекітпе роликтер және телескопиялық амортизаторлар атыс кезінде тербелуді тиімді түрде басады. Өздігінен жүретін зеңбіректердің 780 ат күші бар 12 цилиндрлі V-тәрізді В-84A дизельді қозғалтқышы жоғары маневрлік пен 60 км/сағ дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді, қосымша жанармай құюсыз жүрі қашықтығы 600 километрді құрайды.
Хроленконың мәліметінше, негізгі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда резервтік газ турбинасы іске қосылып, гаубицаны сегіз сағатқа дейін тарта алады. Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы тереңдігі 5 метрге дейін және ені бір шақырымға жететін су кедергілерін еңсере алады. "Мста-С" гаубицасы әлемдегі ең тиімді техниканың бірі болып саналады және арнайы әскери операция аймағында сәтті қолданылып жатыр.
"Мста-С" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының жаңа атыс басқару жүйесі нысана туралы мәлімет алғаннан кейін бірден оқ атуға мүмкіндік береді.
Ақпарат жүйеге тікелей әртүрлі дерек көздерден келіп түседі (түзетушілер, озық барлау топтары, пилотсыз ұшатын аппараттар, әртүрлі деңгейдегі штабтар және тағы басқа). Цирфрлық форматта атыс бойынша параметрлері автоматты түрде ұсынылады. Экипаж командирінің растауынан кейін қондырғы өз бетінше нысананы көздеп, атыс жүргізеді.
Оқтау, оқ-дәрі түрін таңдау және пайдаланылған гильзаларды шығарудың автоматтандырылуы атыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді және экипаж жүктемесін азайтады.
Корольдік қорғаныс зерттеу институтының (RUSI) ғылыми зерттеушісі доктор Джек Уотлингтің айтуынша, арнайы әскери операция басталғаннан бері ресейлік артиллерия өзінің батареяға қарсы мүмкіндіктерін бірнеше есе жақсартты. Бұл барлау ақпаратын алудың технологиялық процесін жеңілдету арқасында мүмкін болып отыр.
Батыс Ресей артиллериясының арнайы әскери операция аймағында сан және сапа жағынан айқын үстемдігін мойындады, дейді Хроленко. France Presse ақпарат агенттігі ресейлік әскердің жаппай артиллериялық атыс жүргізуге қабілетті екенін және Ресейде снарядтар қоры үлкен екенін жазды.
Әлем елдерінің әскери қуатының Батыс рейтингі Global Firepower Ресейде 4 270-ден астам өздігінен жүретін артиллерия және 2 520-дан астам жаппай оқ татуға арналған реактивті жүйе бар екенін есептеді.
Еске салсақ, Ресейде "Мста-С" гаубицасынан басқа тағы 122 миллиметрлі "Гвоздика", 152 миллиметрлі "Акация" және "Гиацинт", 203 миллиметрлі "Пион" өздігінен жүретін артиллерияық қондырғылары, сондай-ақ 82 миллиметрлі "Василек" және 240 миллиметрлі "Тюльпан" минометтері бар.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0