Қазақстандықтар 39 елге визасыз бара алады

© Sputnik / Владислав ВодневВыборы, голосование, иллюстративное фото
Выборы, голосование, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
Ал 52 елде қазақстандықтар келгеннен кейін виза ала алады.
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Қазақстандық паспорты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, тағы 52 елде олар келгеннен кейін виза ала алады. Ал 107 елге бару үшін виза қажет болады, деп жазды finprom.kz.
Әлемдегі ең ықпалды төлқұжат - БАӘ азаматтарының құжаттары. Олар 125 елге визасыз бара алады, одан бөлек 55 елде визаны келгеннен кейін алуға болады. БАӘ азаматтарына тек 18 елде ғана виза қажет.
Паспорттың күші бойынша елдер рейтингісінде 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан 97-ден 53-ші орынға көтерілді. Рейтингте жалпы 193 ел бар.
ТМД елдері арасында Қазақстан төлқұжаты Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарынан кейінгі орында тұр. Ал Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан паспорттарымен салыстырғанда қазақстандық төлқұжат ықпалды болып тұр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Қоғам
Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
0