https://sputnik.kz/20230703/qazaqstan-memlekettik-aleumettik-qorgau-inspektorlary-36497622.html
Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды
Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T09:38+0500
2023-07-03T09:38+0500
2023-07-03T09:38+0500
қоғам
инспектор
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14979889_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_25208b3dddf292b370d514f6e04b470f.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді.Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітіледі.Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспектор мәртебесі берілді. Әр өңірде әлеуметтік қорғаудың қатардағы мемлекеттік инспекторларының штаты бекітілді.Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.Мына субъектілерге мемлекеттік бақылау жүргізіледі:Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларына арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету туралы функциялар беріледі.Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік инспекторлар тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарым шығаруға уәкілетті болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14979889_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_67f09b5fe1dd96348e9674032c266714.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инспектор
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді.
Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітіледі.
Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспектор мәртебесі берілді. Әр өңірде әлеуметтік қорғаудың қатардағы мемлекеттік инспекторларының штаты бекітілді.
Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.
Мына субъектілерге мемлекеттік бақылау жүргізіледі:
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететіндер (қарттарға, мүгедектерге арналған үйлер, оңалту орталықтары, күндізгі болу орталықтары);
мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету бөлігінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері;
мүгедектігі бар адамдар үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік және жеке әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, уақтылы және толық төлеу бөлігінде тексеру.
Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларына арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету туралы функциялар беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік инспекторлар тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарым шығаруға уәкілетті болады.