"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды

© Қорғаныс министрлігі"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды
Қазақстан Барысы-2023 турнирінің жеңімпазы анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Армия спортшысы "Қазақстан барысы – 2023" атағын иеленді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспсөз қызметі.
Астанада қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы – 2023" ХІІ республикалық турнирі аяқталды. Балуандар белдесуінің чемпионы атағын қорғаныс министрлігі спорт комитеті – орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Ғалымжан Қырықбай иеленді.
© Қорғаныс министрлігі"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды
Қазақстан Барысы-2023 турнирінің жеңімпазы анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды
Астана күніне орай өткен "Қазақстан барысы-2023" турнирінің финалына Маңғыстау барысы Нұрдәулет Жарылғапов пен "Әскер барысы" Ғалымжан Қырықбай шыққан еді.
Белдесу нәтижесі бойынша Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанып, "Алтын белбеу" мен 25 миллион теңгені жеңіп алды.
Ал Нұрдәулет Жарылғапов турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.
Жаңалықтар
0