Полиция Қостанай облысында жоғалған тұрғынның денесін тапты

© Sputnik / Абзал КалиевАллея журналистов. Посадка деревьев
Аллея журналистов. Посадка деревьев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты.
58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен.
Оның жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кірісті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті.
Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0