https://sputnik.kz/20230703/ozbekstan-qazaqstanmen-shekarany-belgileu-turaly-kelisimdi-ratifikatsiyalady-36511920.html
Өзбекстан Қазақстанмен шекараны белгілеу туралы келісімді ратификациялады
Өзбекстан Қазақстанмен шекараны белгілеу туралы келісімді ратификациялады
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанмен мемлекетаралық шекараны демаркациялау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T17:03+0500
2023-07-03T17:03+0500
2023-07-03T17:03+0500
өзбекстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_0:102:1971:1211_1920x0_80_0_0_0bb626278dcf2ba2e8f0564da1184675.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Өзбекстан Қазақстанмен шекараны демаркациялау туралы келісімді ратификациялауды аяқтады. Республиканың әділет министрлігі заңға Шавкат Мирзиёев қол қойғанын хабарлады. Келісімге Ташкентте 2022 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары барысында қол қойылған, деп хабарлайды РИА Новости.Наурызда Қазақстан президенті құжатты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Өзбекстан сенаты маусым айының соңында заңды мақұлдады.Бұған дейін Өзбекстан сенатының ақпарат қызметі өзбек-қазақ шекарасын айқындау жөніндегі келісімнің жұмысты толығымен аяқталғанын, оны ратификациялау екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға және кеңейтуге қызмет ететінін хабарлады.Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзындығы 2,3 мың шақырымнан асады. Тараптар шекараны белгілеу бойынша келіссөздерді 2003 жылы бастаған.
https://sputnik.kz/20221121/qazaqstan-men-ozbekstan-shekarany-demarkatsiyalau-maselesine-nukte-qoyady-29592563.html
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_111:0:1860:1312_1920x0_80_0_0_a92c2f6d9ce18616b24090121ad5c0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қазақстан
Өзбекстан Қазақстанмен шекараны белгілеу туралы келісімді ратификациялады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанмен мемлекетаралық шекараны демаркациялау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Өзбекстан Қазақстанмен шекараны демаркациялау туралы келісімді ратификациялауды аяқтады. Республиканың әділет министрлігі заңға Шавкат Мирзиёев қол қойғанын хабарлады.
Келісімге Ташкентте 2022 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары барысында қол қойылған, деп хабарлайды
РИА Новости.
Наурызда Қазақстан президенті құжатты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Өзбекстан сенаты маусым айының соңында заңды мақұлдады.
"Президент қол қойған "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзбек-қазақ мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға сәйкес келісім ратификацияланды", - деп жазылған Өзбекстан әділет министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.
Бұған дейін Өзбекстан сенатының ақпарат қызметі өзбек-қазақ шекарасын айқындау жөніндегі келісімнің жұмысты толығымен аяқталғанын, оны ратификациялау екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға және кеңейтуге қызмет ететінін хабарлады.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзындығы 2,3 мың шақырымнан асады. Тараптар шекараны белгілеу бойынша келіссөздерді 2003 жылы бастаған.