https://sputnik.kz/20230703/astana-shagyn-kasipkerler-shagyn-nesie-berile-bastady-36501436.html
Астанада жас кәсіпкерлерге 2,5%-тік шағын несие беріле бастады
Астанада жас кәсіпкерлерге 2,5%-тік шағын несие беріле бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астана қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріле бастады, деп хабарлайды елорда... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T12:05+0500
2023-07-03T12:05+0500
2023-07-03T12:05+0500
елорда тынысы
несие
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астана қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріле бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауға тиіс.Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға дейін кредит ала алады. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.Сондай-ақ микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және тағы басқа) тартуға құқығы бар.Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.Микрокредит алуға өтініштер Аграрлық несие корпорациясының филиалында қабылданады. Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, "Эдем" БО, анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, колл-орталық 5353.Жастарға шағын несие беру жайлы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
https://sputnik.kz/20230601/qazaqstandyqtar-oz-atyna-kredit-rasimdeuge-tyyym-sala-alady-35529562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
несие, кәсіпкер
Астанада жас кәсіпкерлерге 2,5%-тік шағын несие беріле бастады
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астана қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріле бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауға тиіс.
Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға дейін кредит ала алады. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Сондай-ақ микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және тағы басқа) тартуға құқығы бар.
Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Микрокредит алуға өтініштер Аграрлық несие корпорациясының филиалында қабылданады. Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, "Эдем" БО, анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, колл-орталық 5353.
Жастарға шағын несие беру жайлы толығырақ
мына сілтемеден оқыңыз.