https://sputnik.kz/20230703/almatyda-15-mlrd-tengege-bes-iri-zhoba-zhuzege-asyrylady-36507128.html
Алматыда 15 млрд теңгеге бес ірі жоба жүзеге асырылады
Алматыда 15 млрд теңгеге бес ірі жоба жүзеге асырылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының индустриялды аймағында 5 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде... 03.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-03T21:49+0500
2023-07-03T21:49+0500
2023-07-03T21:49+0500
алматы
индустрияландыру
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25806426_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_6aee135f1f29657afdfd5bf3751e3a0d.jpg
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының индустриялды аймағында 5 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Алматы индустриялды аймағы" ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиев айтты.Жоба сәтті басталып, ойдағыдай жүзеге асса, биылдың өзінде 369 адам екі қолға бір күрек тауып, жұмысқа орналасады. Ауқымды бес жобаның ақшасы да қомақты, 15 млрд теңге. Бұл VALTHERM компаниясы. Ол биметалды алюминий радиаторларын өндіреді. Екінші жоба "Green Innovation 2030" бірегей микроклоналды жылыжайы.Биыл 11 млрд теңгеге 5 жобаның құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде 250 жұмыс орны ашылады. Ал құрылысшылар азуларын айға білеген компаниялар дейді Әлішер Сатыбалдиев. Оның айтуынша, құрылыста ақау болмайды.Жалпы 2016-2022 жылдар аралығында аймақта жалпы сомасы 124 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 3314 жұмысшы нәпақасын тауып жүр. Дәл осы кезеңде компаниялар 1,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, мемлекет бюджетіне 40 млрд теңгеге салық төлепті.Алматы қаласының индустриялық аймағында 88 компания 378 млрд теңгеге өз жобаларын жүзеге асырған. Нәтижесінде 10379 жұмыс орны ашылды.Айтпақшы, Алматыда жалпы ауданы 88 мың ш.м. 18 шағын өндірістік парктің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың инвестициялар сомасы – 10 млрд теңге. Жалпы 152 шағын өнеркәсіп парктері субъектісін орналастыру жоспарланып жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25806426_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_568c616561be69e0725d64a260f2766e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, индустрияландыру
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының индустриялды аймағында 5 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Алматы индустриялды аймағы" ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиев айтты.
Жоба сәтті басталып, ойдағыдай жүзеге асса, биылдың өзінде 369 адам екі қолға бір күрек тауып, жұмысқа орналасады. Ауқымды бес жобаның ақшасы да қомақты, 15 млрд теңге. Бұл VALTHERM компаниясы. Ол биметалды алюминий радиаторларын өндіреді. Екінші жоба "Green Innovation 2030" бірегей микроклоналды жылыжайы.
"Үшіншісі – "Ирригатор Қазақстан" тамшылатып суару бұйымдарын өндіру зауыты, төртіншісі – "БСФ" лак-бояу зауыты, ал бесінші жоба - "Әлем Тынысы" салқындатқыш сұйықтықтарды өңдеу зауыты", - деді "Алматы индустриялды аймағы" ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиев.
Биыл 11 млрд теңгеге 5 жобаның құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде 250 жұмыс орны ашылады. Ал құрылысшылар азуларын айға білеген компаниялар дейді Әлішер Сатыбалдиев. Оның айтуынша, құрылыста ақау болмайды.
Жалпы 2016-2022 жылдар аралығында аймақта жалпы сомасы 124 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 3314 жұмысшы нәпақасын тауып жүр. Дәл осы кезеңде компаниялар 1,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, мемлекет бюджетіне 40 млрд теңгеге салық төлепті.
Алматы қаласының индустриялық аймағында 88 компания 378 млрд теңгеге өз жобаларын жүзеге асырған. Нәтижесінде 10379 жұмыс орны ашылды.
Айтпақшы, Алматыда жалпы ауданы 88 мың ш.м. 18 шағын өндірістік парктің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың инвестициялар сомасы – 10 млрд теңге. Жалпы 152 шағын өнеркәсіп парктері субъектісін орналастыру жоспарланып жатыр.