Алматы – Жидда әуе рейсі іске қосылды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматы – Жидда (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша рейстерді іске қосты, деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Тікелей рейстер 1 қазанда басталып, аптасына екі рет орындалады.
Рейс Алматыдан сағат 18:40-та ұшып, Жиддаға 22:30-да жетеді, кері рейс Жиддадан сағат 23:30-да ұшып, Алматыға келесі күні сағат 08:15-те жетеді.
"Рейстер Airbus A321 LR ұшағымен орындалады. Жиддаға бағытталған рейстің ұшу ұзақтығы 6 сағат 50 минут, кері рейс уақыты 5 сағат 45 минут", - деп жазылған хабарламада.
Желтоқсаннан бастап тағы бір жиілік қосылатыны айтылды.
Бұған дейін жыл соңына дейін Қазақстаннан 9 жаңа халықаралық рейс ашылатыны хабарланды.
Жидда – көлемі бойынша Сауд Арабиясының екінші үлкен қаласы және оның "экономикалық астанасы".
Жаңалықтар
0