https://sputnik.kz/20230702/qyzylorda-oblysynda-eki-qarzhy-piramidasynyn-qyzmeti-toqtatyldy-36491169.html
Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасынан зардап шеккен адамдарды анықтау шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 02.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-02T14:35+0500
2023-07-02T14:35+0500
2023-07-02T14:35+0500
қызылорда облысы
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34331596_0:0:2920:1643_1920x0_80_0_0_4518c75227cc9c8a60a379bf67563285.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасынан зардап шеккен адамдарды анықтау шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бір қылмыстық іс Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасына қатысты қозғалды. Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Ерлан Қасқырбайұлының айтуынша, халықтың ақшасы қосымша арқылы жиналды. Бұдан бөлек, департаменті мамандары Qnet қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларын бастады. "Бүгінде біз бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қаржы пирамидаларына ақша аудармау қажеттігін және барынша сақ болу керектігін ескертіп отырамыз. Соған қарамастан, алданған адамдардың саны азаятын емес", - деп атап көрсетті Қасқырбайұлы. Тәртіп сақшылары қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге бірден полицияға арыз түсіруге кеңес беріп отыр.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34331596_189:0:2920:2048_1920x0_80_0_0_7f97d85fa74f081c229ed52ccc75ac1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, қаржы пирамидасы
қызылорда облысы, қаржы пирамидасы
Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында екі қаржы пирамидасынан зардап шеккен адамдарды анықтау шаралары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бір қылмыстық іс Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасына қатысты қозғалды. Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Ерлан Қасқырбайұлының айтуынша, халықтың ақшасы қосымша арқылы жиналды.
"Адамдарға ақшаны медициналық зерттеулерге салуға үндеді. Соның негізінде CP Pharma өнімдері шығарылады және одан табыс түседі деп сендірген. Бүгінде осы қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны 130 адамға жетті. Шығынның көлемі анықталып жатыр", - дейді бас тергеуші.
Бұдан бөлек, департаменті мамандары Qnet қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларын бастады.
"Бүгінде біз бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қаржы пирамидаларына ақша аудармау қажеттігін және барынша сақ болу керектігін ескертіп отырамыз. Соған қарамастан, алданған адамдардың саны азаятын емес", - деп атап көрсетті Қасқырбайұлы.
Тәртіп сақшылары қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге бірден полицияға арыз түсіруге кеңес беріп отыр.