https://sputnik.kz/20230702/qazaqstan-suyytylgan-gaz-shekti-koterme-sauda-bagasy-osti-36488292.html
Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті
Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті
Sputnik Қазақстан
Ал сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 4-6 теңгеге көтерілді 02.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-02T11:25+0500
2023-07-02T11:25+0500
2023-07-02T11:25+0500
қоғам
газ
баға
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда сұйытылған газға жаңа шекті көтерме сауда бағасы күшіне енді. Энергетика министрінің бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоспағанда) көтерілді."Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес, энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді.Бүгінде зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды. Ал белгіленген шекті көтерме сауда бағасы тоннасына – 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде).Былтыр Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10%-ке төмендеген. Осыған ұқсас кезеңде елімізде сұйытылған газды тұтыну 400 000 тоннаға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ке өсті).Халықтың қажеттілігін жабу және осы өнімді өндіруді ынталандыру мақсатында энергетика министрінің "Қазақстан Республикасының тауар биржаларынан тыс ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы" бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоспағанда) көтерілді.Бұл ретте сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литріне 4-6 теңгеге өсті, деп мәлімдеді министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20230622/gaz-bagasyn-birte-birte-koterudi-zhosparlap-otyrmyz--vitse-ministr-36244311.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, баға
Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті
Ал сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 4-6 теңгеге көтерілді
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда сұйытылған газға жаңа шекті көтерме сауда бағасы күшіне енді. Энергетика министрінің бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоспағанда) көтерілді.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес, энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді.
Бүгінде зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды. Ал белгіленген шекті көтерме сауда бағасы тоннасына – 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде).
Былтыр Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10%-ке төмендеген. Осыған ұқсас кезеңде елімізде сұйытылған газды тұтыну 400 000 тоннаға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ке өсті).
"Өндірістің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – инвестициялық тартымдылықтың болмауы. Өндіруші зауыттар сұйытылған мұнай газын өзіндік құнынан төмен сатады", - деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Халықтың қажеттілігін жабу және осы өнімді өндіруді ынталандыру мақсатында энергетика министрінің "Қазақстан Республикасының тауар биржаларынан тыс ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы" бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоспағанда) көтерілді.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литріне 4-6 теңгеге өсті, деп мәлімдеді министрліктегілер.