https://sputnik.kz/20230702/prezident-abay-oblysy-orman-orti-askeri-qyzmetshiler-marapattady-36489645.html
Президент Абай облысында орман өртін сөндірген әскери қызметкерлерді марапаттады
Президент Абай облысында орман өртін сөндірген әскери қызметкерлерді марапаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Абай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан Қарулы күштердің әскери қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп... 02.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-02T13:59+0500
2023-07-02T13:59+0500
2023-07-02T13:59+0500
қоғам
абай облысы
әскери қызметкер
орман өрті
https://sputnik.kz/img/07e7/07/02/36490032_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_17b273d46f818288aca3d84489d6736f.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Абай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан Қарулы күштердің әскери қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Мемлекет басшысының жарлығымен "Семей орманы" резерватындағы алапат өртті сөндіруде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаев II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.Нұрлан Қошқарұлы төтенше жағдай кезінде құрамына Астана, Жетіген, Шымкент авиациялық базаларының және Семей дербес авиациялық эскадрильясының экипаждары кірген Қарулы күштердің армиялық авиация тобын басқарды.Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна су төккен. Алты күн ішінде олардың ұшу уақыты 320 сағатты құрады.Экипаждардың іс-қимылын үйлестіру, өртті өшіру тактикасын әзірлеу, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін орындай отырып, полковник Байдуллаев өзі де өртті сөндіруге тікелей қатысты. Оның ұшу уақыты 40 сағатты құрады.Сондай-ақ қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты Талғат Жанғазинов "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл награда – әскери қызметкердің төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі сауатты қимылы, шебер әрі бастамашыл іс-әрекетіне берілген баға.Төтенше жағдай кезінде бригада сержанты Талғат Жанғазинов жеке құрамның өрт ошағын сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын басқарды. Әскери топографияны жақсы білуі оған тез бағдарлауға және бағыныштыларды қаупі ықтимал аумақтан шығаруға көмектесті. Оның басшылығымен жұмыстар жүргізілген учаскеде өрттің қайта тұтануына жол берілмеді, дейді қорғаныс министрлігіндегілер.Қорғаныс министрінің бұйрығымен өрт сөндіруге қатысқан бірқатар әскери қызметкер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды. Жекелеген әскери қызметкерлерге әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді.
https://sputnik.kz/20230620/abay-oblysyndagy-ort-qaza-bolgan-ormanshylardyn-tuystary-zhanayqaylaryn-zhetkizdi-36167876.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/02/36490032_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_28959d99357758e79f3452f29207c6f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, әскери қызметкер, орман өрті
абай облысы, әскери қызметкер, орман өрті
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Абай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан Қарулы күштердің әскери қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Мемлекет басшысының жарлығымен "Семей орманы" резерватындағы алапат өртті сөндіруде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаев II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Нұрлан Қошқарұлы төтенше жағдай кезінде құрамына Астана, Жетіген, Шымкент авиациялық базаларының және Семей дербес авиациялық эскадрильясының экипаждары кірген Қарулы күштердің армиялық авиация тобын басқарды.
Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна су төккен. Алты күн ішінде олардың ұшу уақыты 320 сағатты құрады.
Экипаждардың іс-қимылын үйлестіру, өртті өшіру тактикасын әзірлеу, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін орындай отырып, полковник Байдуллаев өзі де өртті сөндіруге тікелей қатысты. Оның ұшу уақыты 40 сағатты құрады.
"Ауа температурасы көтеріліп, жел күшейген төтенше жағдайда ұшу-қону, суды толтырып алу мен төгу кезінде авиациялық оқиғалардың алдын алу маңызды болатын. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған бұл міндет толықтай орындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты Талғат Жанғазинов "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл награда – әскери қызметкердің төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі сауатты қимылы, шебер әрі бастамашыл іс-әрекетіне берілген баға.
Төтенше жағдай кезінде бригада сержанты Талғат Жанғазинов жеке құрамның өрт ошағын сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын басқарды. Әскери топографияны жақсы білуі оған тез бағдарлауға және бағыныштыларды қаупі ықтимал аумақтан шығаруға көмектесті. Оның басшылығымен жұмыстар жүргізілген учаскеде өрттің қайта тұтануына жол берілмеді, дейді қорғаныс министрлігіндегілер.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен өрт сөндіруге қатысқан бірқатар әскери қызметкер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды. Жекелеген әскери қызметкерлерге әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді.