Шымкент мұнай өңдеу зауытында бензин өндіретін жабдық істен шықты

© ИА Новасти-КазахстанШымкентский нефтеперерабатывающий завод. Архивное фото - рекадр
Шымкентский нефтеперерабатывающий завод. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы 2 аптаға жуық мерзімге тоқтайды
ШЫМКЕНТ, 1 шілде – Sputnik. 3-14 шілде аралығында катализаторды регенерациялау және каталитикалық риформинг орнату үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылады, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Елімізде шілде айында автокөлік бензинінің теңгерімін сақтау мақсатында басқа мұнай өңдеу зауыттарының өндіріс жоспарлары төмендегідей түзетіледі:
Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-95 премиум бензинінің өндірісін 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтты, АИ-92 өндірісінің көлемі 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады;
Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 бензинінің өндірісі 29 мың тоннаға қысқартылды, АИ-92 өндірісі 140 мың тоннадан жоғары деңгейде сақталады.
Ірі жанармай құю станцияларының желілерімен Ресейден АИ-95 бензинін импорттау мәселелері пысықталып жатыр.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Экономика
Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы жылына 12 млн тоннаға дейін артады
Жаңалықтар
0