Алматыда жер қатынастары басқармасындағы шенеунік қамауға алынды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарған лауазымды тұлға мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алу кезінде 45 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Алматыда қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасарының міндетін атқарушы қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Шенеунік мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алуда 45 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Осы басқарманың қызметкерлері жеке жер иелерінің мүддесін көздеп, үлестес бағалаушының көмегімен мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын сегіз учаскенің құнын негізсіз асыра бағалаған.
" Мемлекет бұл меншік иелеріне артық 7,5 миллиард теңге төлеген. Сонымен қатар бір нысан бойынша бағалаушы қызметінің құны 2021 жылы орта есеппен 68 теңгені, 2022 жылы 10 теңгені құрады", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Ақтөбе облысында шенеунік 1,2 млн теңге пара алған – тергеу басталды
Жаңалықтар
0