https://sputnik.kz/20230630/zaes-magate-zhane-astyq-mamilesi-lavrov-brifingte-ne-turaly-aytty-36470362.html
ЗАЭС, МАГАТЭ және астық мәмілесі: Лавров брифингте не туралы айтты
ЗАЭС, МАГАТЭ және астық мәмілесі: Лавров брифингте не туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн-брифинг өткізіп, халықаралық және Ресейдің ішкі саяси мәселелеріне қатысты... 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T20:27+0500
2023-06-30T20:27+0500
2023-11-01T16:34+0500
ресей
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25479408_0:110:3252:1939_1920x0_80_0_0_d5416dc135da950402381cc4e4753345.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн-брифинг өткізіп, халықаралық және Ресейдің ішкі саяси мәселелеріне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлады РИА Новости.Сергей Лавров Ресей аумағындағы украиналық балалардың ата-анасы табылса және олардан өтініш түссе, ата-анасына қайтарылатынын мәлімдеді.Ресей министрі Каховка гидроэлектр станциясын қалпына келтіру жайына да тоқталды."Тұрғын үйлерге, зауыттарға, азаматтық секторға тікелей зиян келтірілсе, оны тез жою керек. Бірақ бөгетті қалпына келтіру біраз уақытты алады, бұл іспен айналысып жатыр", - деді Сергей Лавров.Сонымен қатар Ресейдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы астық мәмілесін ұзартуға ешқандай негіз жоқ екенін айтты."Мен бұл Қара теңіз бастамасын жалғастырғысы келетіндердің қандай дәлелі бар екенін түсінбеймін, өйткені ол Украина астығы тұрғысынан әлдеқашан коммерциялық сипатқа ие болды", - деді Ресейдің сыртқы істер министрі.Еске салсақ, 2022 жылдың шілдесінде жасалған келісімдер ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына шектеулерді алып тастау арқылы Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қара теңіз арқылы экспорттауды көздейді.Сергей Лавровтың пікірінше, Запорожье АЭС-ке (ЗАЭС) кім шабуыл жасап жатқанын МАГАТЭ жақсы біліп отыр, бірақ мойындаудан бас тартады."Сарапшылар Запорожье АЭС-те болған МАГАТЭ бас директоры Гросси секілді Запорожье АЭС-ті кім атқылап жатқанын жақсы біледі. Соңғы уақытта мұндай атқылаулар азайғанымен, жақында ғана жиі болып жатты. МАГАТЭ мұның қауіпті екенін және жақсылыққа апармайтынын жақсы түсінеді. Біздің үгіт-насихатымызға қарамастан, олар кінәлілерді анықтау өз құзыретіне кірмейтінін, сондықтан құжатта тек "атқылаулар" деп көрсетілетінін айтты", - деді ол онлайн брифинг барысында.Лавров Запорожье АЭС-ті жару бойынша Ресей жоспар дайындағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын да айтты.Ресей СІМ басшысы 2023 жылдың 27-28 шілдесінде Санкт-Петербургте өтетін "Ресей – Африка" екінші саммитінің ерекшеліктері туралы пікір білдірді.Ресей армиясы ешқашан азаматтық нысандарды нысана ретінде таңдамайды және оларға оқ атпайды, деді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров."Біздің қарулы күштер, арнайы әскери операцияға қатысатын жауынгерлер азаматтық нысандарға шабуыл жасамайды. Тағы да қайталап айтамын, біз, біздің армия ешқашан азаматтық нысандарды нысана ретінде әдейі таңдамайды және ешқашан оларға оқ атпайды", - деді СІМ басшысы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25479408_262:0:2991:2047_1920x0_80_0_0_ebc4ccee79e5524858c3f9e20342a11b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн-брифинг өткізіп, халықаралық және Ресейдің ішкі саяси мәселелеріне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлады
РИА Новости. Сергей Лавров Ресей аумағындағы украиналық балалардың ата-анасы табылса және олардан өтініш түссе, ата-анасына қайтарылатынын мәлімдеді.
"Қақтығыс аймақтарында қалып жатқан балаларға қатты алаңдаймыз. Қазір Ресей аумағындағы балалар туралы барлық мәлімет ашық, жария етілген, байланыс телефондары көрсетілген.Егер олардың ата-анасы немесе туыстары табылса, олар балаларды алып кетуге толық құқылы", - деді Лавров.
Ресей министрі Каховка гидроэлектр станциясын қалпына келтіру жайына да тоқталды.
"Тұрғын үйлерге, зауыттарға, азаматтық секторға тікелей зиян келтірілсе, оны тез жою керек. Бірақ бөгетті қалпына келтіру біраз уақытты алады, бұл іспен айналысып жатыр", - деді Сергей Лавров.
Сонымен қатар Ресейдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы астық мәмілесін ұзартуға ешқандай негіз жоқ екенін айтты.
"Мен бұл Қара теңіз бастамасын жалғастырғысы келетіндердің қандай дәлелі бар екенін түсінбеймін, өйткені ол Украина астығы тұрғысынан әлдеқашан коммерциялық сипатқа ие болды", - деді Ресейдің сыртқы істер министрі.
Еске салсақ, 2022 жылдың шілдесінде жасалған келісімдер ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына шектеулерді алып тастау арқылы Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қара теңіз арқылы экспорттауды көздейді.
Сергей Лавровтың пікірінше, Запорожье АЭС-ке (ЗАЭС) кім шабуыл жасап жатқанын МАГАТЭ жақсы біліп отыр, бірақ мойындаудан бас тартады.
"Сарапшылар Запорожье АЭС-те болған МАГАТЭ бас директоры Гросси секілді Запорожье АЭС-ті кім атқылап жатқанын жақсы біледі. Соңғы уақытта мұндай атқылаулар азайғанымен, жақында ғана жиі болып жатты. МАГАТЭ мұның қауіпті екенін және жақсылыққа апармайтынын жақсы түсінеді. Біздің үгіт-насихатымызға қарамастан, олар кінәлілерді анықтау өз құзыретіне кірмейтінін, сондықтан құжатта тек "атқылаулар" деп көрсетілетінін айтты", - деді ол онлайн брифинг барысында.
Лавров Запорожье АЭС-ті жару бойынша Ресей жоспар дайындағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын да айтты.
Ресей СІМ басшысы 2023 жылдың 27-28 шілдесінде Санкт-Петербургте өтетін "Ресей – Африка" екінші саммитінің ерекшеліктері туралы пікір білдірді.
"Барлық дерлік мемлекет қатысатынын растады. Нақты есімде жоқ, бірақ Африка елдерінің жартысынан көбі жоғары деңгейде қатысуды растады. Бірақ бұл мемлекеттерге саммитке қатысудан бас тартуды немесе қатысу деңгейін төмендетуді ашық талап етіп жатыр", - деді Лавров.
Ресей армиясы ешқашан азаматтық нысандарды нысана ретінде таңдамайды және оларға оқ атпайды, деді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біздің қарулы күштер, арнайы әскери операцияға қатысатын жауынгерлер азаматтық нысандарға шабуыл жасамайды. Тағы да қайталап айтамын, біз, біздің армия ешқашан азаматтық нысандарды нысана ретінде әдейі таңдамайды және ешқашан оларға оқ атпайды", - деді СІМ басшысы.