Тоқаев құтқарушыларды, әскерилер мен полицейлерді марапаттады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін марапатталды:
II дәрежелі "Айбын" орденімен:
1.
Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі;
2.
Долдаев Дамир Талғатұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі;
3.
Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы.
III дәрежелі "Айбын" орденімен:
1.
Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
2.
Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
3.
Никифоренко Иван Юрьевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
4.
Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
"Ерлігі үшін" медалімен:
1.
Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
2.
Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – "Целинное" ЖШС директоры, Абай облысы;
3.
Белгібаев Бахтияр Станұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
4.
Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
5.
Жиренов Бекболат Маратұлы–Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі;
6.
Кенжебаев Ертай Мирамұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
7.
Күдербеков Болат Оралұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
8.
Қабдулин Арман Жанатбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
9.
Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
10.
Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
11.
Сайдулаев Гилани Умарович – "Восток лес индустрия" ЖШС директоры, Абай облысы;
12.
Хурай Өркен – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
1.
Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
1.
Алексеев Алексей Владимирович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
2.
Лебединский Александр Петрович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.
Жаңалықтар
0