https://sputnik.kz/20230630/toqaev-azamattarga-quzhatty-oz-betinshe-rasimdeuge-mumkindik-beretin-zhobamen-tanysty-36462692.html
Тоқаев азаматтарға құжатты өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік беретін жобамен танысты
Тоқаев азаматтарға құжатты өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік беретін жобамен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Дактилоскопиялық тіркеу"жобасы таныстырылды, деп хабарлады Ақорда. 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T15:41+0500
2023-06-30T15:41+0500
2023-06-30T15:41+0500
құжат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36461887_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_5f297b11a4aa0f8d40fadede0d4ba0ae.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Дактилоскопиялық тіркеу"жобасы таныстырылды, деп хабарлады Ақорда.Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды.2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.Сонымен қатар мемлекет басшысына "Есірткі қылмысымен күрес"жобасы таныстырылды.Ескірті тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады.Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазіргі кезде:Президентк "Қорғау" мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципін декөрді.Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған.Полицияның планшетіне маңайда жүрген "қауіпті" жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, "қауіп төндіретін топтармен", яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36461887_112:0:1169:793_1920x0_80_0_0_468d1753b15bda3142d5e60c766c1e19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құжат, қасым-жомарт тоқаев
құжат, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Дактилоскопиялық тіркеу"жобасы таныстырылды, деп хабарлады Ақорда.
Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды.
2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.
Сонымен қатар мемлекет басшысына "Есірткі қылмысымен күрес"жобасы таныстырылды.
Ескірті тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады.
Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазіргі кезде:
2300 ескірті сататын сайт бұғатталды;
1300 есірткі қылмысы әшкереленді;
6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді.
Президентк "Қорғау" мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципін декөрді.
Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған.
Полицияның планшетіне маңайда жүрген "қауіпті" жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, "қауіп төндіретін топтармен", яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.
Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.