https://sputnik.kz/20230630/erten-almatyda-kommunaldyq-tarifter-osedi-36446481.html
1 шілдеден Алматыда коммуналдық тарифтер өседі
1 шілдеден Алматыда коммуналдық тарифтер өседі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. 1 шілдеден бастап Алматы қаласында коммуналдық тарифтер өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап. 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T10:36+0500
2023-06-30T10:36+0500
2023-06-30T10:51+0500
тарифтер
алматы
https://sputnik.kz/img/old/42/59/425957_0:0:360:203_1920x0_80_0_0_e9db8d444ac262bc196cfc3fba3d9c36.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. 1 шілдеден бастап Алматы қаласында коммуналдық тарифтер өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Қалада жылу тарифтері 20 процентке көтеріледі. Бизнесмендер үшін 30 процент, ал бюджеттік ұйымдар үшін 36 процентке артады. Суық су мен канализацияның тарифтері 15 процентке өседі. Кәсіпкерлер үшін 70 процентке артық болады.Осылайша, қала тұрғындары суға 150 теңге, жарыққа 450, ал бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін мың теңге артығымен төлейтін болады. Ал үш бөлмелі пәтерге 2400 теңге көбірек кетеді. Табиғи монополияны реттеу комитеті жаңа тарифтерді енгізуге келісті.Ал заңды тұлғаларға су мен кәріз тарифтері 69-89 процентке қымбаттайды. Экономистердің айтуынша, тарифтер әлі де өседі."Билік бағаны бірден көтермеу керектігін түсінді. Газ бен жанармайдың бағасын жәймендеп білдіртпей көтеріп жатқандай, енді ақырындап коммуналдық қызмет тарифтері де қымбаттай береді", - дейді экономист Андрей Чеботарев.Су мен жарық тарифінің өсуі басқа бағаға да әсер ететіні сөзсіз. Кәсіпкерлердің көбі қызмет көрсету құнын өсіреміз деп қазірден-ақ дайын отыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/42/59/425957_52:0:323:203_1920x0_80_0_0_dd822fea55e6ea636d318a09be090cae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тарифтер, алматы
1 шілдеден Алматыда коммуналдық тарифтер өседі
10:36 30.06.2023 (жаңартылды: 10:51 30.06.2023) АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. 1 шілдеден бастап Алматы қаласында коммуналдық тарифтер өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Қалада жылу тарифтері 20 процентке көтеріледі. Бизнесмендер үшін 30 процент, ал бюджеттік ұйымдар үшін 36 процентке артады. Суық су мен канализацияның тарифтері 15 процентке өседі. Кәсіпкерлер үшін 70 процентке артық болады.
"1-ші шілдеден бастап Алматы тұрғындарына 1 шаршы метрге, яғни мың литрге судың бағасы 55 теңге 20 тиын болады. Қазіргі баға 48 теңге. Яғни 7 теңгеге тариф өседі. Кәріз қызметінің тарифі 29 теңге 74 тиын құрайды", - дейді "Алматы су" МКК ресми өкілі Серік Шәгіров.
Осылайша, қала тұрғындары суға 150 теңге, жарыққа 450, ал бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін мың теңге артығымен төлейтін болады. Ал үш бөлмелі пәтерге 2400 теңге көбірек кетеді. Табиғи монополияны реттеу комитеті жаңа тарифтерді енгізуге келісті.
Ал заңды тұлғаларға су мен кәріз тарифтері 69-89 процентке қымбаттайды. Экономистердің айтуынша, тарифтер әлі де өседі.
"Билік бағаны бірден көтермеу керектігін түсінді. Газ бен жанармайдың бағасын жәймендеп білдіртпей көтеріп жатқандай, енді ақырындап коммуналдық қызмет тарифтері де қымбаттай береді", - дейді экономист Андрей Чеботарев.
Су мен жарық тарифінің өсуі басқа бағаға да әсер ететіні сөзсіз. Кәсіпкерлердің көбі қызмет көрсету құнын өсіреміз деп қазірден-ақ дайын отыр.