https://sputnik.kz/20230630/astanada-30-problemalyq-turgyn-uy-paydalanuga-beriledi-36459077.html
Астанада 30 проблемалық тұрғын үй пайдалануға беріледі
Астанада 30 проблемалық тұрғын үй пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астанада жылдың соңына дейін 4 мыңға жуық үлескер отбасы көптен күткен пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек... 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T13:38+0500
2023-06-30T13:38+0500
2023-06-30T13:38+0500
астана
үлескерлер
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30966442_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6fe5907dedbf41def5b3d9b6c2dbb898.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астанада жылдың соңына дейін 4 мыңға жуық үлескер отбасы көптен күткен пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімнің айтуынша, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған барлық проблемалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ондай нысандардың қатарында 32 көппәтерлі тұрғын үй бар.Осы орайда қала басшысы әкімдіктің ресми сайтында үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" үнемі жарияланып тұратынын еске салды. Заң бойынша үлескерлердің ақшасын тарту үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторынан кепілдік алу керек. Бұдан бөлек, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын тартуға болады."Биыл қаңтар айынан бастап инженерлік желілер болмаса, құрылысқа рұқсат берілмейді. Ал қандай да бір компания техникалық шарттар бойынша қажетті құжаттарсыз құрылыс жұмыстарын бастаған жағдайда барлық жұмыс бірден тоқтатылады. Компания "қара тізімге" енгізіледі", - деп атап көрсетті Қасымбек.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30966442_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_add9d8a6fb8b9b1eb7b35c1e9ef79bd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, үлескерлер, тұрғын үй
астана, үлескерлер, тұрғын үй
Астанада 30 проблемалық тұрғын үй пайдалануға беріледі
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астанада жылдың соңына дейін 4 мыңға жуық үлескер отбасы көптен күткен пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің айтуынша, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған барлық проблемалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ондай нысандардың қатарында 32 көппәтерлі тұрғын үй бар.
"Ол, шамамен, 4 мың үлескер. Жоспар бойынша жарты жылдың ішінде барлығы пәтердің кілтін алады", - деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда қала басшысы әкімдіктің ресми сайтында үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" үнемі жарияланып тұратынын еске салды. Заң бойынша үлескерлердің ақшасын тарту үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторынан кепілдік алу керек. Бұдан бөлек, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын тартуға болады.
"Биыл қаңтар айынан бастап инженерлік желілер болмаса, құрылысқа рұқсат берілмейді. Ал қандай да бір компания техникалық шарттар бойынша қажетті құжаттарсыз құрылыс жұмыстарын бастаған жағдайда барлық жұмыс бірден тоқтатылады. Компания "қара тізімге" енгізіледі", - деп атап көрсетті Қасымбек.