Заңсыз мүлікті сататын компанияға кімдер жұмысқа алынады

© Служба центральных коммуникаций при президенте РКЕржан Биржанов
Ержан Биржанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов заңсыз активтерді қайтару бойынша құрылатын басқарушы компания туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания да құрылады. Елге қайтарылған қаражат қордың шотына түседі. Ал басқарушы компанияның міндеті – заңсыз алынған мүлікті сатып, ақшасын арнайы қорға аудару. Басқарушы компанияның жалғыз құрылтайшысы үкімет болады.
"Қазіргі жоспар бойынша басқарушы компанияда 10-15 адам жұмыс атқаруы тиіс. Штатқа жоғары білім бар, экономика мен заң саласыда және бірнеше тілді білетін азаматтар қабылданатын болады", - деді Біржанов сенаттың бүгінгі отырысында.
Басқарушы компанияның жұмысын қаржы министрлігі жүргізеді. Оны басқару тәртібін де анықтайды. Жыл сайын есеп жарияланады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, аудит жүргізіліп тұрады. Ал қамқоршылық кеңеске депутаттар, қоғам өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кіруі мүмкін.
Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың айтуынша, заң бұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қолға алынады. Прокурорлық қадағалау да жүргізіледі.
Жаңалықтар
0