https://sputnik.kz/20230629/ukimette-alikhan-smayylovtyn-toragalygymen-qazaqstan-su-kenesinin-kezekti-otyrysy-otti-36401337.html
Премьер-министр елдегі су шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Премьер-министр елдегі су шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру... 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T07:03+0500
2023-06-29T07:03+0500
2023-06-29T07:12+0500
су
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_0:130:3177:1917_1920x0_80_0_0_a010c29c5091cac24416de1b6f90c777.jpg
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.Әлихан Смайылов экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_224:0:2953:2047_1920x0_80_0_0_e7136615654aff0c2a9c90612d208ef7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
Премьер-министр елдегі су шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
07:03 29.06.2023 (жаңартылды: 07:12 29.06.2023) АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды.
Бұдан бөлек, су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.
Әлихан Смайылов экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.