https://sputnik.kz/20230629/soltustik-qazaqstanda-adam-olimine-akep-soqqan-zhol-apaty-ushin-sottalgan-zhurgizushi-aqtaldy-36436587.html
Солтүстік Қазақстанда адам өліміне әкеп соққан жол апаты үшін сотталған жүргізуші ақталды
Солтүстік Қазақстанда адам өліміне әкеп соққан жол апаты үшін сотталған жүргізуші ақталды
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облыстық соты бұрын аудандық сот бес жылға соттаған жүргізушіні ақтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T19:13+0500
2023-06-29T19:13+0500
2023-08-10T11:59+0500
солтүстік қазақстан облысы
сот үкімі
жол апаты
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облыстық соты бұрын аудандық сот бес жылға соттаған жүргізушіні ақтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.2021 жылғы 5 мамырда болған жол апаты қоғамдық резонанс тудырды. Өйткен сол күнгі жол апатынан екі адам қайтыс болды, бірі – жүкті әйел. Жол апатынан ер адам мен жүкті келіншек көз жұмдыОқиға Тайынша қаласында болған. Октябрьдің 50 жылдығы және Киевск көшесінің қиылысында Audi және Mitsubishi маркалы екі автокөлік соқтығысады.Кейінірек қайтыс болған әйелдің жүкті екені белгілі болды.2022 жылғы 15 тамызда Тайынша аудандық соты Audi A6 Quattro жүргізушісі Темірлан Әлмағанбетовті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Әлмағамбетовтің асырауында жас баланың болуына байланысты оның жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды.Аудандық соттың үкіміне қорғаушы тарап пен жәбірленушілер шағымданды. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Тайынша аудандық сотының айыптау үкімінің күшін жойып, жаңа ақтау үкімін шығарды. Әлманғанбетов қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамның болмағаны анықталды.Жүргізуші ақталып шықты"Апелляциялық қарау барысында бірқатар автотехникалық сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасына қатысы бар – жәбірленуші А. Г. рұқсат етілген жылдамдықты едәуір асырғаны анықталды. Ол теміржол өткелін кесіп өту кезінде жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, жол қозғалысы ережелеріне тыйым салынған маневр жасаған. Атап айтқанда ол теміржол өткелінен өтіп бара жатқан "Газель" жүк көлігін басып озған", - деп түсіндірді облыстық сот.Яғни, Mitsubishi Montero жүргізушісі басты жолмен жүріп келе жатып, елді мекенде белгіленген жылдамдық режимін тым асырып жіберген. Салдарынан Әлмағанбетов тізгіндеген автокөлікпен соқтығысқан."Қылмыстық іс материалдарында А.Г. – ны теміржол өткелінде көлікті басып озуға тыйым салынған маневр жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту туралы полиция инспекторының хаттамасы бар. Осылайша, жол ережесін бұза отырып, негізгі жолмен жүріп келе жатқан А.Г. - ның басып озу құқығы болған жоқ", - деп қорытындылады сотта.Апелляциялық саты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының прокурорына қылмыстық құқық бұзушылық жасаған өзге адамды анықтау және қудалау қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін қылмыстық істі жіберу туралы шешім қабылдады.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, сот үкімі, жол апаты
солтүстік қазақстан облысы, сот үкімі, жол апаты
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облыстық соты бұрын аудандық сот бес жылға соттаған жүргізушіні ақтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
2021 жылғы 5 мамырда болған жол апаты қоғамдық резонанс тудырды. Өйткен сол күнгі жол апатынан екі адам қайтыс болды, бірі – жүкті әйел.
Жол апатынан ер адам мен жүкті келіншек көз жұмды
Оқиға Тайынша қаласында болған. Октябрьдің 50 жылдығы және Киевск көшесінің қиылысында Audi және Mitsubishi маркалы екі автокөлік соқтығысады.
"Оқиға орнында 1987 жылы туған Audi жолаушысы қайтыс болды. Жол апатынан зардап шеккен үш адам жедел жәрдем көлігімен Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілген, онда 1992 жылы туған жолаушы қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.
Кейінірек қайтыс болған әйелдің жүкті екені белгілі болды.
2022 жылғы 15 тамызда Тайынша аудандық соты Audi A6 Quattro жүргізушісі Темірлан Әлмағанбетовті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Әлмағамбетовтің асырауында жас баланың болуына байланысты оның жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды.
Аудандық соттың үкіміне қорғаушы тарап пен жәбірленушілер шағымданды. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Тайынша аудандық сотының айыптау үкімінің күшін жойып, жаңа ақтау үкімін шығарды. Әлманғанбетов қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамның болмағаны анықталды.
"Апелляциялық қарау барысында бірқатар автотехникалық сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасына қатысы бар – жәбірленуші А. Г. рұқсат етілген жылдамдықты едәуір асырғаны анықталды. Ол теміржол өткелін кесіп өту кезінде жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, жол қозғалысы ережелеріне тыйым салынған маневр жасаған. Атап айтқанда ол теміржол өткелінен өтіп бара жатқан "Газель" жүк көлігін басып озған", - деп түсіндірді облыстық сот.
Яғни, Mitsubishi Montero жүргізушісі басты жолмен жүріп келе жатып, елді мекенде белгіленген жылдамдық режимін тым асырып жіберген. Салдарынан Әлмағанбетов тізгіндеген автокөлікпен соқтығысқан.
"Қылмыстық іс материалдарында А.Г. – ны теміржол өткелінде көлікті басып озуға тыйым салынған маневр жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту туралы полиция инспекторының хаттамасы бар. Осылайша, жол ережесін бұза отырып, негізгі жолмен жүріп келе жатқан А.Г. - ның басып озу құқығы болған жоқ", - деп қорытындылады сотта.
Апелляциялық саты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының прокурорына қылмыстық құқық бұзушылық жасаған өзге адамды анықтау және қудалау қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін қылмыстық істі жіберу туралы шешім қабылдады.