Спорт

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

© Photo : InstagramШавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. UFC президенті Дана Уайт бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Рахмонов октагонға 16 қыркүйекте шығады. Аралас жекпе-жек шебері бұл жолы америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл UFC турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Айта кетері, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде. "Номад" UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Соңғы рет қазақстандық америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
Жаңалықтар
0