https://sputnik.kz/20230629/astana-zhana-auyz-su-stantsiyasy-iske-qosyldy-36430238.html
Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды
Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бұл тәулігіне 35 мың текше метр су береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі
2023-06-29T17:06+0500
2023-06-29T17:06+0500
2023-06-29T17:06+0500
елорда тынысы
су
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36424171_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_c952093dd883b164310eb3d4a431a6c2.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл тәулігіне 35 мың текше метр су береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр.Тамыз айында ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр. Бұл бірінші кезеңмен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді.Бұған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған болатын. Нәтижесінде судың қысымы артып, жүйенің тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді.Бұдан бөлек Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту жұмысы аяқталуда. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді, дейді әкімдіктегілер.Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясы ("Тұран", "Оңтүстік-Шығыс") салынып жатыр. Бұған қоса құрылысы ұзаққа созылған үшінші Жылу электр орталығында да жұмыс жүргізілуде. Әкімдік бұл нысандарды жаңа жылу беру маусымына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20230605/astana-khalqynyn-ten-zhartysy-koshede-baklazhka-ustap-su-izdep-zhur--deputat-35631431.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36424171_58:0:967:682_1920x0_80_0_0_226c60a2c94c97e6dc74584465c47e90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана ауыз су станция сорғы-сүзгі станциясы тапшылық
астана ауыз су станция сорғы-сүзгі станциясы тапшылық
Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды
Сорғы-сүзгі станциясының екінші кезеңі тамыз айында іске қосылмақ
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл тәулігіне 35 мың текше метр су береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр.
Тамыз айында ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр. Бұл бірінші кезеңмен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді.
Бұған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған болатын. Нәтижесінде судың қысымы артып, жүйенің тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді.
Бұдан бөлек Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту жұмысы аяқталуда. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді, дейді әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясы ("Тұран", "Оңтүстік-Шығыс") салынып жатыр. Бұған қоса құрылысы ұзаққа созылған үшінші Жылу электр орталығында да жұмыс жүргізілуде. Әкімдік бұл нысандарды жаңа жылу беру маусымына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.