Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ қаруы Украинада тиімсіз болып шықты ма

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуРабота артиллерийских расчетов в зоне СВО
Работа артиллерийских расчетов в зоне СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Жазылу
Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында қиратылған Батыс техникасының көлемі назар аудармасқа болмайтындай деңгейге жеткенде, The National Interest басылымы "Енді басқа не күттіңіздер?" деген сипатта ақтайтын мақала жариялады, деп жазды РИА Новости.
Бұл ақтаудың негізгі мәні америкалық әскери техника "украина армиясы үшін тым қауіпті әрі қолайсыз" екені анықталды дегенді қамтиды. Алайда олар бұған дейін батыс аудиториясына америкалық қаруға ешқандай техника төтеп бере алмайтыны белсенді насихатталған еді. Енді "соғыста сынақтан сәтті өткен және жойылмайтын" Абрамс танктері Украинада соғысуға жарамсыз екені айтылды.
Анықталғандай, олар өз салмағына байланысты украин жерінің батпағымен жүре алмай, көпірлер қирап жатыр, Украинада оларға арналған отын жоқ болып шықты, ал танктерді соғыс даласында жөндеу тіпті мүмкін емес. Мысалы, зақымдалған оптиканы қалпына келтіру үшін "Абрамсты" толықтай дерлік бөлшектеп, бүкіл электроникасын ауыстыру керек. Оның үстіне бұл әрекеттерді арнайы еуропалық деполарда орындау қажет.
Америкалық басылым мақаласында "Страйкер" броньдалған тасымалдаушысын да ақтауға тырысқан. Оған сәйкес, машинаның броньдау мүмкіндігі, қозғалтқыштың лайға төзімсіздігі, жұмыс істемейтін командирлік ммониторлар және десантқа арналған қауіпсіздік белбеуі жүйесінде ақау көп.
Бұл шындыққа жанасады: себебі Ресей Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында Патрушев Владимир Путинге баяндаған мәліметтерге сәйкес, 4-21 маусым аралығында Украинадағы Ресей Қарулы күштері Украина Қарулы Күштерінің мыңға жуық жаяу әскерге арналған машинасын, броньдалған тасымадлаушы техникасын және броньды машинасын өртеді және олардың жартысына жуығы батыстың Stryker , Bradley, Marder, MaxxPro, Humvee және M113 техникасы.
"Әлемдегі ең жақсы танктердің бірі" саналатын қиратылған Leopard 2 техникасы Патрушевтің айтуынша – 13 болса, Киевтегі ақпарат көздеріне сәйкес 40-қа жуық. Сонымен қатар немістердің ең тиімді PzH 2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы және ондаған америкалық M777 гаубицалары да бірнеше ондаған атудан кейін қиратылып жатыр.
Бастапқыда арнайы әскери операция аймағында Ресейді жеңуге қомақты үлес қосады деп сенген Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыраны, Switchblade 300 жүйесі және Stinger зениттік зымыран кешені туралы қазір айтылмайды.
ЖЖалпы есептеулерге сәйкес, Ресей Киевке жеткізілген батыстық техниканың үштен бірін қиратып үлгерді және өзі Батыспен салыстырғанда бес-жеті есе көп оқ-дәрі шығарып жатыр. Батыс өз техникасы Украинада қиратылатынын жақсы түсініп отыр. Сонда жойылатыны сөзсіз техниканы Киевке жеткізудің не мәні бар деген сұрақ туындайды.
CNN басылымының хабарлауынша, АҚШ пен НАТО әскери жетекшілері Украинадағы қақтығысты "индустриалды дамыған елдер" арасындағы соғыста Батыс қарулары алғаш рет сыналған мінсіз сынақ алаңы" деп санайды. Батыс әскери-өнеркәсіптік кешені үшін Украина нақты шайқаста қару-жарақ пен жүйелерді қолдану бойынша дереккөзге айналды. Бірақ батыс техникасымен қатар мыңдаған украин жауынгері де жойылап жатқаны ешкімді алаңдатпайтыны өкінішті.
Украин әскерилерін рухтандыру үшін Ресейге төтеп бере алатын ғажайып қару мен техника насихаттала береді. Бірақ майдан даласындағы шынайы жағдай мүлде басқаша қалыптасып жатыр.
Жаңалықтар
0