https://sputnik.kz/20230629/aleumettik-kodeksti-iske-asyruga-byudzhetten-qansha-aqsha-zhumsalady-36418565.html
Әлеуметтік кодексті іске асыруға бюджеттен қанша ақша жұмсалады
Әлеуметтік кодексті іске асыруға бюджеттен қанша ақша жұмсалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексті іске асыру үшін республикалық... 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T12:45+0500
2023-06-29T12:45+0500
2023-06-29T12:45+0500
әлеуметтік
кодекс
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексті іске асыру үшін республикалық бюджеттен қанша қаражат қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, Әлеуметтік кодексті жүзеге асыру үшін 2023-2025 жылдарға үш жылдық бюджет қарастырылып отыр.Айтуынша, еңбек министрлігі әкімшілік ететін жүйе бойынша республикалық бюджеттің 21%-і әлеуметтік тікелей төлемдер мен зейнетақымен қамтамасыз етуге қарастырылған. Бұл шамамен 4 триллион теңгеден асады.Айта кетері, үш жылдық бюджетте, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке – 74 млрд теңге , азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге – 272,6 млрд теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуге 573, 7 млрд теңге қарастырылған.Әлеуметтік кодекс биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік, кодекс, бюджет
әлеуметтік, кодекс, бюджет
Әлеуметтік кодексті іске асыруға бюджеттен қанша ақша жұмсалады
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексті іске асыру үшін республикалық бюджеттен қанша қаражат қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Әлеуметтік кодексті жүзеге асыру үшін 2023-2025 жылдарға үш жылдық бюджет қарастырылып отыр.
"Бір ғана балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға үш жылдық бюджеттен 100,7 млрд теңге көзделген. Жұмыспен қамту саясатына – 480,5 млрд теңге, арнаулы әлеуметтік қызметтерге – 29 млрд теңге бөлінеді, ал ең көп шығыс зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалады, оған 740,3 млрд теңге қарастырылған", - деді Сарбасов орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, еңбек министрлігі әкімшілік ететін жүйе бойынша республикалық бюджеттің 21%-і әлеуметтік тікелей төлемдер мен зейнетақымен қамтамасыз етуге қарастырылған. Бұл шамамен 4 триллион теңгеден асады.
Айта кетері, үш жылдық бюджетте, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке – 74 млрд теңге , азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге – 272,6 млрд теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуге 573, 7 млрд теңге қарастырылған.
Әлеуметтік кодекс биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді.