https://sputnik.kz/20230628/qazaqstandyqtar-qurban-ayt-meyramyn-atap-otip-zhatyr-36375453.html
Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатыр
Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бүгін мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт басталды. Бұл мейрам үш күн қатарынан тойлайды 28.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-28T08:00+0500
2023-06-28T08:00+0500
2023-08-09T10:07+0500
құрбан айт
құрбан айт 2019
құрбан шалу
https://sputnik.kz/img/1122/98/11229860_0:108:2048:1260_1920x0_80_0_0_17f636baec4bad3e8c9e3c63928e71fe.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатыр.Аллаға жақындататын мейрамҚұрбан айт Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады. Биыл мейрамның бірінші күні сәрсенбі, 28 маусымға түсіп тұр.Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мерекеге жатпайды. Сол себепті бір күнге ғана демалас беріледі.Құрбан – араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Мейрам күндері мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалады.Құран Кәрімде: "Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал" – деп жазылған.Құрбан айттың шығу тарихыИслам дініндегі басты мерекенің тарихы ерте заманнан бастау алады.Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға сынақ ретінде өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуды бұйырады. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, әмірді орындамақшы болады. Сол кезде Алла Тағала сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына риза болып, өз құзырынан құрбандық орнына қошқар түсірген. Содан бері Алланың разылығы үшін құрбандық шалу дәстүрі жалғасып келеді.Құрбан шалу арқылы пенде Алланың әміріне бойұсынуды, әр істе сабырлық сақтауды үйренеді.Құрбандыққа қандай мал сойыладыҚұрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркектері де, ұрғашылары да жарамды. Қой мен ешкі төлінің ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет.Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек.Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, өздігінен мал соятын жерге бара алмайтын, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінің көбі кесілген мал құрбандыққа жарамайды. Алайда мүйізі жоқ, құлағы жарылған, тесілген, піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады.Құрбандыққа жылқы шалуға болмайды.Кімдер құрбандық шаладыХанафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай, азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.Бұл жерде бай деп Құрбан айт күні өзінің және отбасының негізгі қажеттелігінен артық мал-дүниесі зекет нисабына жеткен (85 грамм алтыны, 40 қойы, 30 қара малы немесе 5 түйесі бар) адамға айтылады.Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да, кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады.Жалпы Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек, әйелінің де табысы күнкөрістен тыс, артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуға тиіс.Бірігіп құрбандық шалу шарттарыҚой немесе ешкіні тек бір адам құрбандыққа шалады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болады. Сондай-ақ жеті кісіге арнап, ортақ шалуына болады.Құрбандықты бірігіп шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға болмайды.Құрбандық шалу уақытыҚұрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді.Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.Құрбандық шалу дұғасыҚұрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылған абзал: "Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ".Мағынасы: "Менің намазым да басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббысы бір Аллаға арналады. Оның еш серігі жоқ".Одан кейін: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд" – деп, тәкбір айтып, "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деп бауыздалады.Тек қана құрбанның иесінің ғана "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деуі керек. Әдейі ұмытпастан "Бисмиллаһ" деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам.Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуі де "Бисмиллаһ" деп айтуы керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалуы шарт.Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру – мәкрүһ.Құрбандықтың ақшасын тарата салуға бола маҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, құрбан шалмай, ақшасын садақа ретінде беруге болмайды."Құрбандық кезінде құрбан шалудағы мақсат – қан ағызу. Үш күн ішінде құрбан шалуымыз міндет, оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді", - деп мәлімдеді Мансұров.Зұлхижжа айының қасиетті күндері қосымша садақа беруге болады. Алайда Құрбан айт кезінде құрбандық ақшасын садақа ретінде таратылмайды.Онлайн құрбандықҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Сол арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аударуға болады.Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фотосы және видеосының есебі тапсырыс берушіге жіберіледі.Құрбан айтта ауыз бекітуге бола маҚұрбан айтқа бір күн қалғанда ораза ұстаудың маңызы зор. Яғни, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапа күні ауыз бекітуге болады. Ал айт күндері ораза ұстауға шариғатымыз рұқсат етпейді.Астанада құрбандық шалатын арнайы орындар бар. Ал айттың бірінші күні қоғамдық көлік таңғы сағат 5:00-ден бастап жүреді.
https://sputnik.kz/20230616/qurban-ayt-qazaqstanda-arnayy-sayt-iske-qosyldy-36010831.html
https://sputnik.kz/20230626/qurban-ayt-namazynyn-kestesi-zhariyalandy-36333252.html
https://sputnik.kz/20230627/astana-qurban-ayt-avtobustar-zhuru-uaqyty-ozgeredi-36375933.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1122/98/11229860_113:0:1936:1367_1920x0_80_0_0_ac8483b69e8029fac3344e34810ce872.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрбан айт 2023 курбан айт 2023 құрбандық шалу құрбан айт дұға 2023 құрбан айт намазы 2023 ауыз бекіту 2023
құрбан айт 2023 курбан айт 2023 құрбандық шалу құрбан айт дұға 2023 құрбан айт намазы 2023 ауыз бекіту 2023
Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатыр
08:00 28.06.2023 (жаңартылды: 10:07 09.08.2023) Бүгін мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт басталды. Бұл мейрам үш күн қатарынан тойлайды
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатыр.
Аллаға жақындататын мейрам
Құрбан айт Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады. Биыл мейрамның бірінші күні сәрсенбі, 28 маусымға түсіп тұр.
Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мерекеге жатпайды. Сол себепті бір күнге ғана демалас беріледі.
Құрбан – араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Мейрам күндері мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалады.
Құран Кәрімде: "Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал" – деп жазылған.
Құрбан айттың шығу тарихы
Ислам дініндегі басты мерекенің тарихы ерте заманнан бастау алады.
Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға сынақ ретінде өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуды бұйырады. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, әмірді орындамақшы болады. Сол кезде Алла Тағала сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына риза болып, өз құзырынан құрбандық орнына қошқар түсірген. Содан бері Алланың разылығы үшін құрбандық шалу дәстүрі жалғасып келеді.
Құрбан шалу арқылы пенде Алланың әміріне бойұсынуды, әр істе сабырлық сақтауды үйренеді.
Құрбандыққа қандай мал сойылады
Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркектері де, ұрғашылары да жарамды. Қой мен ешкі төлінің ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет.
Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек.
Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, өздігінен мал соятын жерге бара алмайтын, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінің көбі кесілген мал құрбандыққа жарамайды. Алайда мүйізі жоқ, құлағы жарылған, тесілген, піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады.
Құрбандыққа жылқы шалуға болмайды.
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай, азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.
Бұл жерде бай деп Құрбан айт күні өзінің және отбасының негізгі қажеттелігінен артық мал-дүниесі зекет нисабына жеткен (85 грамм алтыны, 40 қойы, 30 қара малы немесе 5 түйесі бар) адамға айтылады.
Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да, кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады.
Жалпы Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек, әйелінің де табысы күнкөрістен тыс, артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуға тиіс.
Бірігіп құрбандық шалу шарттары
Қой немесе ешкіні тек бір адам құрбандыққа шалады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болады. Сондай-ақ жеті кісіге арнап, ортақ шалуына болады.
Құрбандықты бірігіп шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға болмайды.
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді.
Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.
Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылған абзал: "Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ".
Мағынасы: "Менің намазым да басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббысы бір Аллаға арналады. Оның еш серігі жоқ".
Одан кейін: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд" – деп, тәкбір айтып, "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деп бауыздалады.
Тек қана құрбанның иесінің ғана "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" – деуі керек. Әдейі ұмытпастан "Бисмиллаһ" деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам.
Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуі де "Бисмиллаһ" деп айтуы керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалуы шарт.
Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру – мәкрүһ.
Құрбандықтың ақшасын тарата салуға бола ма
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, құрбан шалмай, ақшасын садақа ретінде беруге болмайды.
"Құрбандық кезінде құрбан шалудағы мақсат – қан ағызу. Үш күн ішінде құрбан шалуымыз міндет, оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді", - деп мәлімдеді Мансұров.
Зұлхижжа айының қасиетті күндері қосымша садақа беруге болады. Алайда Құрбан айт кезінде құрбандық ақшасын садақа ретінде таратылмайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Сол арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аударуға болады.
Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фотосы және видеосының есебі тапсырыс берушіге жіберіледі.
Құрбан айтта ауыз бекітуге бола ма
Құрбан айтқа бір күн қалғанда ораза ұстаудың маңызы зор. Яғни, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапа күні ауыз бекітуге болады. Ал айт күндері ораза ұстауға шариғатымыз рұқсат етпейді.
Астанада құрбандық шалатын
арнайы орындар бар. Ал айттың бірінші күні қоғамдық көлік таңғы сағат 5:00-ден бастап жүреді.